Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 4 сағат бұрын)
Әлемнің қызықты деректері

Жер Планетасы таңғажайып сырларға толы. Табиғаттың тылсым құпияларының көптігі сонша, олардың барлығын шешу мүмкін емес сияқты. Назарларыңызға әлемдегі ең қызықты 10 деректі ұсынамын.  

1. Әлемдегі атауы ең қысқа аймақ-Å. Швеция мен Норвегияның шекарасында орналасқан кішкентай Å ауылы ең қысқа атаулы аймақ. Скандинавиялық тілден аударғанда Å – «өзен» дегенді білдіреді екен.

2. Ең алып қала. Әлемде ең үлкен жер аумағын алып жатқан қала Қытайда Ішкі Монғолия ауданында орналасқан Хулун-Буир қаласы. Оның алып жатқан аумағы 263 953 шаршы км.

3. Тек қана бір елмен шектесетін елдер. Лесото, Ватикан және Сан-Марино елдері бір ғана елмен шектеседі. Лесотоны толығымен ЮАР қоршайды, ал Ватикан мен Сан-Мариноны толығымен Италия қоршап жатыр.

4. Ең ұзын географиялық атау. «Taumatawhakatangihangak oauauotamateaturipukaka pikimaungahoronukupokaiwhe nua kitanatahu» 

5. Ең суық және ең жылы теңіз. Ресейдегі Ақ теңіздің су температурасы ең төмен, бар-жоғы -2 °C-ке тең. Персид шығанағы ең жылы теңіз болып саналады. Жазда су температурасы 35,6 °C-қа дейін барады.  

6. Сан-Марино – әлемдегі ең ежелгі конституциондық мемлекет болып саналады. Сан-Марино елін 301 жылы Диоклетиан императорынан қашып жүрген тас қалаушысы құрған. Сан-Марино конституциясы 1600 жылы қабылданып, әлемдегі қабылданған ең бірінші конституция.  

7. Адамзат қазған ең терең ойық. Адамзат қазған ең терең ойық Ресейдегі Коль асатерең саңылауы болып саналады. Ол 12 262 метрді құрап, ғылыми жұмыстарға қазылған болатын. Мұның салдарына біраз ғылыми жаңалықтар жасалған екен.  

8. Жердің өз өсінен айналуы іс жүзінде 24 сағатқа созылмайды. Ғаламшардың толық айналуы 23 сағат, 56 минут және 4 секундты алады. Бұл жұлдызды күн, оны астрономдар атайды. Бұл жағдайда күн шын мәнінде 4 минутқа қысқарады, бұл уақыт жиналып, бірнеше айдан кейін күн түнге, ал түн күндізге айналады деп шеше аламыз. Бірақ жер күнді айналатынын ұмытпаңыз. Ал күннің өзі үнемі өз орнынан шамамен бір градусқа ауысады. Осы екі қозғалысты қоссаңыз, дәл 24 сағат аласыз.

9. Адам ағзасындағы ең күшті бұлшықет – тіл.

10. Жер - бүгінгі күнге дейін өмір бар жалғыз белгілі планета. Бірақ басқа планеталарда тіршілік болса, оны табуға тәжірибелер мен ғылыми жұмыстар көмектесері сөзсіз. Мысалы, NASA NExSS жобасын құру туралы хабарлады. Оның мақсаты – Кеплер ғарыштық телескопы және басқа да осыған ұқсас құрылғылар жіберген мәліметтерді өңдеу, сондай-ақ экзопланеталарды зерттеу. Бірақ, шын мәнінде, жоба жерүсті тіршілікті іздеуге арналған. Дегенмен, ғалымдарға ізденістеріне сәттілік тілей отырып, әзірге біз Жердің өмір сүруге қолайлы жалғыз жер екенін мойындауымыз керек. Және бұл оның тарихындағы ең маңызды факт.

Нұржігіт Айдын


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама