- 10 шіл. 2022 00:00
- 250
Алматы апортының тарихы
Өткен ғасырлардың деректеріне қарағанда, бұрын соңды алма жемісі ешбір өзге мекенде өспеген. Тек Қазақстан жерінің төскей бетімен, Қытай шекаралас арасында бой көтерген. Міне, сол алманың ең керемет сорттарының бірі - апорт. Апорт Алматы қаласынан тамырын кеңге жайып, бастау алған. Тіпті иісінің өзін сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес.
Деректерге сүйенсек, Алматы қаласында ата сақалы аузына жеткен, алма ағаштарын күтіп баптайтын бір ата болса керекті. Содан не керек, өзге елдер таңдай қаққан алма түрлері басқа елді мекендерге экспортталды, қаншама көшеттер өзге ел үшін аямай қиылды. Осылайша апорт азая бастаған деседі. Әр нәрсенің өз Отаны болады демекші, біз еліміздің апортымен мақтануымыз керек. Себебі әлем ғалымдарының пайымдауынша, көне заманнан бері жасап келе жатқан алма ағашы басқа елді мекендерге қазақ топырағынан бастау алған. Ал апорттың Қазақстан аймағында өсіп жатқанына қазіргі таңда 50 миллион жылға таяпты. Мұның бәрі ғалымдарымыздың зерттеген зерттеуінің нәтижесіндегі деректер екенін елеп, ескеруіміз қажет.
Алматы қаласының алғашқы атауы Алмату, содан соң барып Алма-Ата деп тегіннен тегін өзгермесе керекті. Киелі де қастерлі Алматы өлкесіндегі апорттың тарихы осындай деген әңгімелер ел аузынан ел аузына тарап, бүгінгі таңда тарихы жақсы қаланған екен.
Сабыр Шұғыла Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы