Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Әлеуметтік желінің әсері

Қоғамда әлеуметтік желінің кеңінен өріс алды. Өз ккзегінде жастарға кері әсерін беруде. Олар өз өмірін виртуалды байланыссыз елестете алмай, барлық бос уақыттарын әлеуметтік желіде өткізуде. Өздерімен қатарлас құрдастарымен қарым – қатынастары үзіліп, жастар тұйық болып кетті. Себебі оларға шынайы өмірден қарағанда, виртуалды өмір қызығырақ болып кеткен. Соның салдарынан шынайы өмірден алшақтап кетті. Тіпті шынайы өмірге деген құлшыныстары жоғалып кеткен. Небір қажетсіз іс – әрекеттерді қарауда, зиянды әрекеттерге барып жатыр [1]. Осының барлығының нәтижесінде жастардың денсаулығына, психологиясына өз зардабын тигізіп отыр. Жастардың ой – өрісінің дұрыс дамып, есте сақтау қабілеті төмендеп, үлгілі тұлға болып қалыптасуына үлкен зиянын тигізіп жатыр. Әлеуметтік желінің қаншалықты зиян екенін әрбір жастар түсінуі қажет.

Ақпараттық әлеуметтенуда психопотологияның басты қаупі көбіне желіде жасөспірімдердің бақылаусыз қалуы, қажет емес ақпараттардың ақыл – ойына яғни, психикалық денсаулығына кері әсері бар. Осылайша зерттеу жұмысына канадалық жасөспірімдердің қатысуымен психологиялық ауру мен интернетте өткізген уақыт 16,9% психикалық жағдайының төмендеуіне, 26,4% психологиялық көмекке мұқтаждар, 23,4% жоғары деңгейде бастан өткерген стресстер, 12,5% өз – өзіне қол жұмсау туралы ойлағандар екенін анықтады. Әлеуметтік желідегі белсенділіктің артуынан психологиялық жағдайлар, стресс, суицидтік ойларға күн сайын итермелеуде [2].

 Көптеген ғалымдардың зерттеуінше әлеуметтік желі психологиялық күйзеліске, дұрыс көңіл бөлмегендіктен белсенділіктің төмендегенін айтады. Twitter, Instagram, YouTube, Facebook, ВКонтакте секілді әлеуметтік желілерден жасөспірімдер өзіне мүлдем қажетсіз жарнамаларды көру арқылы небір зиянды әрекеттерге баруда, әлеуметтік желілерге деген тәуелділіктері артуда. Осының барлығы жасөспірімдік кезеңде дұрыс ойлап, дұрыс дамуына кері әсер етіп, керісінше агрессия тудыруда, тіпті кейбір жағдайда әлеуметтік желі қорқынышты психологиялық ауытқуларға әкеліп соғады. Венгрлік ғалымдардың зерттеуі бойынша, әр венгрлік мектептердегі жасөспірімдерден алынған психологиялық сұрақтардың нәтижесінде олардың өзін – өзі бағалау және күйзелістік ауытқулары қаншалықты екені анықталды. Соның нәтижесінде жасөспірімдердің  4,5% әлеуметтік желіге тәуелділік деңгейде болып шықты. Қазіргі таңда жасөспірімдердің шынайы өмірге деген қызығушылығы азайып, шынайы өмірдегі проблемалардан алшақтауда, керісінше әлеуметтік желідегі белсенділігін арттыруға шыдамдылық танытып, желіні аптасына 30 сағаттан көп қолдануда, өзін – өзі бағалау деңгейі төмендеп, керісінше күйзелістік деңгейі артуда. К. М. Кеннеди, И. Бьюккен, Д. Ж. Пауэлл және тағы да басқа британдық авторлардың 42 мақаланы толығымен зерттеуінде жасөспірімдердің психологиясы мен физиологиялық  денсаулығын нығайтатын, алкагольдан және темекіден арылуда қиналғандарға психологиялық қолдау көрсететін желіде бірнеше топтар бар екені анықталды. Алайда, сонымен қатар әлеуметтік желіде керісінше психологиялық ауытқулар тудыратын топтар да жетерлік. Сол себептен де мейлінше желіге аз кіріп, аз пайдаланған дұрыс [3].

Әлеуметтік желінің кесірінен девиантты мінез – құлықтың дискуссивті түрі ішкі немесе сыртқы агрессия арқылы көріне бастайды. Жасөспірімдер осы психологиялық ауытқу салдарынан  бұзақылыққа, зорлық- зомбылыққа, тіпті суицидке баруы мүмкін. Көзге түрлі елес, галлюцинация, иллюзия көрініп, аффективті идеялар түсе бастайды. Әлеуметтік желіге кірерде, кіргенде жасөспірімдердің ата – аналары үнемі бақылауда ұстап отыруы тиіс. Психологиялық ауытқуы асқынып кеткен жасөспірімдердің міндетті түрде арнайы психологтарға сүйенгені жөн. Олар міндетті түрде өз-өзіңе деген сенімділікті арттыруға, мінез – құлықтың түзеліп қалпына келуіне көмектеседі. Сондықтан қандай да бір психологияңызда ауытқу байқалғанда бірден жүгіну қажет [4].

Әлеуметтік желіні пайдаланған сайын, соғұрлым оның сыртқы келбетіне деген сенімсіздігі артып, өзін-өзі бағалауы төмендейді. Әлеуметтік желіні кеңінен қолдану екі нәрсеге әкеліп соғады бірі, эмоционалды денсаулыққа кері әсер етеді, ал екіншісі өзін-өзі дұрыс бағалай алмауының құрбаны болып жатыр [5]. Осылайша әлеуметтік желінің жасөспірімдердің психологиясының белсенді түрде төмендеуіне әкеліп соғады деп қорытындылауға болады. Әрбір жасөспірім әлеуметтік желіге кіргенде тек өзіне қажетті ақпаратты ғана алып, белгілі бір уақытта ғана қолданып, уақытын үнемді түрде өзінің ой- өрісін, білімін, көптеген өнермен айналысып өзінің басқа да қырларын , көптеген қабілеттерін дамытқаны дұрыс деп білемін.

Қорытындылай келе бүгінгі зерттеу жұмысымда әлеуметтік желінің қазіргі таңда жасөспірімдердің психологиясына қаншалықты кері әсерін тигізіп жатқанын байқадым. Жасөспірімдерді қалай шынайы әлемнен алыстатып жатқанын, күрделі күйзеліске ұшыратып, агрессия тудырып жатқанын білдім. Зерттеу жұмысымда басқаларға бірі білсе бірі білмейтін жасөспірімдердің психологиясына әлеуметтік желінің зиянын ашып түсіндіре алдым деп ойлаймын. Дегенмен бұл зерттеу жұмысынан кейін әлеуметтік желінің пайдасы мүлдем жоқ деген сөз емес. Тек, желіге кіргенде  өзімізге қажетті деген дүниені ғана алып , қалған уақытымызды пайдалы істермен айналысуға, ой – өрісімізді кеңейтіп, өмірге деген құлшынысымызды нығайтып, шынайы өмірімізді жақсартып, дамытуға жұмсайық. Деніміз сау, ой – өрісі кең, саналы ұрпағымыз көп болсын!

Жұматай Елдана


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама