- 06 мам. 2021 00:00
- 209
«Казахская правда» газеті
Казахская правда - орыс тілінде шығатын шығатын ай сайынғы қоғамдық-саяси қазақгазеті. Алғашқы саны 1993 жылдың қаңтарында жарық көрді. Алдан Айымбетов құрушысы және тұрақты бас редактор болды. Алма-Атада жарияланып тұрды. Таралымы - 5000 данаға дейін жетті. Айымбетов ағамыздың «Казахская правдасы» өткірлігі мен белгілі бір батылдығы жағынан сол кездегі бұқаралық ақпарат құралдарының көпшілігіне қарағанда әлдеқайда қатал болды деп айтуымызға болады. «Казахская правданың» материалдары екі тілде жарық көрді, орыс тіліндегі нұсқада басты назар осы күннің тақырыбына арналған материалдар болса, ал қазақ баспасөзі отарлық кезеңдегі Қазақстан тарихына көп көңіл бөлді.
Орыс тілді табиғатына қарамастан, «Казахская правда» жарқын дәйекті қазақшыл ұлттық-патриоттық бағытты ұстанды. Журналист Жәнібек Сүлеевтің айтуынша, газет материалдары сол кездегі қазақтілді баспасөздің басылымдарынан гөрі радикалды болған.Жариялаған материал ауырлығына байланысты газет жиі қақтығыстарға қатыса бастаған : қазақ телевизиясының 31 арнасымен және Казахстанская правда, Караван және Мегаполис газеттерімен, сондай-ақ Жетісу казактары, ұйғыр қауымы және оралмандармен де. Бұл қақтығыстар басылым бетіндегі материалдарға байланысты туындаған. Газет қоғамдық-саяси бағытты ұстанды.
Алдан Айымбетов - «Казправдадан» да, «Караваннан» да қорықпады. Газеттің алғашқы сандарында ол: «Мен өз халқыма пайдалы жұмыс жасап жатырмын. Ол: « Маған батылдық беретін нәрсе - мен қазақтардың тарихын жақсы білемін. Және де мен халқыма қызмет еткім келеді»,-деген. Ол нарықтық қатынастарға тәуелді режимдегі сөз бостандығының деңгейіне үзілді-кесілді қарсы болды. Оның «Казахстанская правдасы» ақша қалтасына тәуелсіз жалғыз газет болды десек те артық болмас. Ол кісінің идеяларды коммерциялық қанаусыз, рухани өндіріске адал болды.
Алайда араға біршама жылдар салып, 2006 жылы Айымбетов қайтыс болғаннан кейін көп ұзамай газет өз жұмысын тоқтатты.
Бүркітбаева Ақбала