Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Алғашқы қадам бағдарламасы
Алғашқы қадам бағдарламасы
І сәбилер “Ботақан” тобы
Балалардың жас ерекшелік мүмкіндіктеріне сипаттама
2 - 3 жастағы балалардың өзін дұрыс ұстау дағдылары жеңіл
қалыптасады. Алғашқы үш жылғы өмірлерінде балалардың физиологиялық денсаулық, ақыл - ой, адамгершілік дамуының негіздері қаланады. Бұл жас бала дамуының өте шапшаң жүру кезеңі болғандықтан, балаға ересектердің әсер етуі ерекше болады.
“Алғашқы қадам” бағдарламасы
Бағдарламаның мақсаты
Бағдарлама мазмұнын іске асыру ерте жастағы балалардың жан - жақты дамуын, олардың денсаулығын сақтауды, келесі өтпелі жас кезеңіне сәтті өтуін қарастырады.
Ұсынылған әдістемелік нұсқаулық мектепке дейінгі ұйымдардың педагогтеріне “Алғашқы қадам” бағдарламасын іске асыруға көмектеседі.

«Қатынас» білім беру саласы
Тіл дамыту
Көркем әдебиет
Мақсаты: Ересектердің тілін түсіне білуді дамыту, қоршаған ортамен байланыс құралы ретінде тілдік реакциялардың барлық түрлерін, белсенді сөйлеуін қалыптастыру.

«Шығармашылық» білім беру саласы
Сурет салу
Мүсіндеу
Жапсыру
Музыка
Мақсаты: Балалардың эстетикалық талғамын және сезімдік - эмоционалдық ортасын қалыптастыру, бейнелеу өнері мен музыкаға қызығушылығын дамыту.
«Таным» білім беру саласы
Қоршаған ортамен таныстыру
Экология
Сенсорика
Құрастыру
Мақсаты: Заттар, табиғат, адамдар әлеміне қызығушылықтарын қалыптастыру
«Денсаулық» білім беру саласы
Дене шынықтыру
Мақсаты:
Бала денсаулығын нығайту, оның өсіп келе жатқан ағзасының қызметі мен жүйесін дамыту.

Мәдени - гигиеналық дағдылар
Ересектермен жұптасып түрлі қимылдар орындайды.
Түбекке сұранып дұрыс отыруға үйренеді.
Қасықты жұдырығында ұстайды.
Өзінің орны мен киім ілетін шкафын біледі.
Ересектердің көмегімен жуынады.
“Тәй – тәй” технологиясымен жұмыс жасаймыз.
“Тәй – тәй” технологиясының негізгі
мақсаты.

Жас баланы есті, саналы, сергек етіп тәрбиелеу отбасы мен қоғамдық орындардың бірден - бір парызы. Егеменді еліміздің болашағы отбасындағы бесіктен басталып, жас ұрпақты ұлтық құндылықтарды бойына сіңіру арқылы оның жан - жақты дамуына, өз пікірі мен ойын ашық жеткізуге ықпал етеміз.
«Тәй - тәй» технологиясының айрықша бір ерекшелігі отбасының оқу - тәрбие ісіне қатысуы.
Ата - аналар өз балаларының ең алғашқы ұстаздары.
Себебі отбасы мүшелері өз балаларынан үлкен үміт күтеді және де бар жақсылықты тілейді. Балаларының алдарына қойған мақсаттарына жете біліп азамат болып өсуін қалайды, сондықтан да «Тәй - тәй» технологиясы әрбір ата - анаға балабақшадағы оқу - тәрбие процесіне араласып, өз пікірлерімен ұсыныстарын ендіруге мүмкіндік береді.

Құрылыс орталығы.

Құрылыс орталығында балаларды блоктар арқылы белгілі бір заттың көлемін
анықтап, оның ерекше белгілерін салыстыра отырып құрастыру тәсілдерін меңгерту,
кеңістікті бағдарлай білуге, оң, сол, қолдарын ажыратып атап айтуға, заттарды оң қолымен алып,
сол жақтан бастап қоюға үйрету. Құрылыс заттарынан аласа шарбақ, биік қақпа құрастыруға үйрету.

Зерттеу орталығы.

Балаларды заттардың ерекшеліктерін ажырата білуге үйрету, оның неден жасалғаны, түсін, көлемін, үлкен, кіші, қатты, жұмсақ т. б. екенін немесе заттың жартысы, бүтін зат екендігінен көрсетіп атай білуге үйрету.

Желілі - рөлді ойын орталығы.
Балаларды ойыншықтарды іріктеп алып, рөлдерге бөлісіп ойнауға үйрету. Балалардың қиялын, ойлау қабілетін, мақсат қою дағдыларын жетілдіру. Бала ойыны, оның еңбегі, ойындар арқылы еңбек етуге жаттықтыру.
Ойыншықтарын күтіп, қуыршағын киіндіріп, шешіндіріп ойнап болған соң жинап, тәртіпті ұқыпты болуға үйрету.

Үстел - үсті ойын орталығы
Ұсынылған үлгі бойынша жекелеген заттардан топ құрауға, топтан жеке затты бөліп алуға,
көп және бір заттарды ажырата білуге үйрету.
Қарапайым математикалық және құрастыру ұғымдарын меңгерту, бірден үшке дейін санау тәсілдерін үйреніп, көп, аз ұғымдарын үйрету.
Бұл орталық ақыл - ой қабілетін, икемді қимылдардың көз мөлшерінің дағдыларының дамуына жағдай жасайды.

Өнер орталығы
Әртүрлі бейнелеу құралдарын пайдалана отырып, бояу түстерін таңдай білуін, қылқалам және қарындаштарды
еркін пайдалана білуге үйрету. Сурет салу арқылы заттардың бейнесін бере білуге үйрету, бояу түстерін ауыстырып пайдалануға дағдыландыру. Мүсіндеуде, саз балшықпен жұмыс жасауға, белгілі бір бейнені мүсіндеуде, саусақ қимыл қозғалыстарын дұрыс пайдалануға қалыптастыру.

Алғашқы қадам бағдарламасы. жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама