Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 3 күн бұрын)
Әліппе - әдемі, әріптер әлемі
Тақырыбы: Әліппе- әдемі, әріптер әлемі
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың сауат ашу пәнін өту барысында алған білімдерін көрсетуге көмектесу.
Дамытушылық: Мәнерлеп өлең, қара сөздерді айтуға, үйренген білім, білік, дағдыларын ары қарай жетілдіруге жағдай туғызу;
Тәрбиелік: Оқуға, білім алуға, қоршаған ортаны аялауға, достық қарым - қатынас орнатуға тәрбиелеу;
Сабақтың көрнекілігі: «Әліппе», «Ана тілі», «Математика» макеттері, қанатты сөздер, саңырауқұлақ, гүлдер, безендіру құралдары
Ертеңгіліктің өтілу барысы:
Ұйымдастыру бөлімі:
Оқушыларды тұрғызу
Қонақтарды қарсы алу
Жоспары:
І бөлім « Рәміздерім - мақтанышым»
ІІ бөлім «Әліппе – білім бастауы»
ІІІ бөлім «Ғажайып математика»
ІV бөлім «Ана тілі - дана тілі»
V бөлім «Әдептілік әліппесі»

Ашылу салтанаты
Қазақ биі «Сарыжайлау»
Ана тілі: Келіңдер, келіңдер, сендердің әліппені қалай оқып беретіндіктеріңді, қаншалықты меңгергендіктеріңді байқайын. Менің досым «Әліппе» қайда жүр?
Әліппе: Мен басқа мектептерден «Әліппе» мерекесінде болдым. Енді сендерге келдім.
Әліппе:
Ұстаздар мен балалар,
Аталар мен аналар
Танысыңдар досыммен,
Достасыңдар осымен.
Аттанғанда бүгін мен,
Ана тілін таныңдар,
Оқып ана тілін
Ақыл, білім алыңдар.

Мұғалім:
Құрметті ата – аналар, ұстаздар, оқушылар, келген қонақтар! Бүгін сіздер «Әліппе - әдемі әріптер әлемі» атты ертеңгілікті тамашалағалы отырсыздар. Қоңыр күзде күміс қоңырау үнімен алғашқы білім сабағына енген шәкірттердің тұңғыш рет қолдарына ұстап, бетін ашқан оқулығы - Әліппе. Бұл кітап ғылым дүниесінің алғашқы соқпағы, білімге бастсйтын алғашқы жолы. Осы Әліппе оқулығы арқылы біздер 42 әріпті меңгеріп, енді одан әрі үлкен - үлкен биік шыңға көтерілмекпіз. Олай болса, оқушылар сіздерге Әліппені қалай оқып меңгергендерін, қалай есептеп, қалай жаза алатындарын көрсетейік. Ендеше мерекемізді бастайық Мереке баршаңызға құтты болсын! Кезекті 1 - класс бүлдіршіндеріне берелік.
1 - жүргізуші: Армысыздар, құрметті қонақтар!
2 - жүргізуші: Сәлеметсіздер ме, ата – аналар, ұстаздар!
1 - жүргізуші: Елімізде жылма – жыл біз тәрізді тұңғыш мектеп есігін ашушы бүлдіршіндер қатары артуда.
2 - жүргізуші: Ал, бүгінгі күні сол бүлдіршіндердің барлығының, соның ішінде Қорғантұз орта мектебінің 1 - класс оқушыларының қуанышында шек жоқ.
1 - жүргізуші: Себебі, біз тұңғыш рет қолымызға ұстаған алғаш хат танып, сауатымызды ашқан досымыз - Әліппемен қоштасамыз.
2 - жүргізуші: Олай болса ертеңгілігімізді бастауға рұқсат етіңіздер! Ертеңгілік мынадай бөлімдерден тұрады. Осы бөлімдердің атауына сай оқушылардың аз уақыт ішінде алған білімдері мен өнерлеріне куә боласыздар.
Алтын күн төгеді шапағын,
Шырқаймыз өмірдің шат әнін.
Мың алғыс өзіңе, ұстазым,
Мың алғыс өзіңе, мектебім!
1 - жүргізущі: Оқушының басты міндеті – оқу. Білімін одан әрі шыңдау үшін үлкен ізденіспен еңбектеніп, мектеп қабырғасынан сапалы білім алып, өнегелі тәрбие алып, елін, жерін қорғайтын ел азамат болып өсуі керек. Әліппенің алғашқы бетінде Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың бүлдіршіндерге арналған даналық сөзінде былай деген:.... ( Бір оқушы дауыстап оқып береді)
Елбасымыздың бұл даналық сөзін жай ғана оқып, қоймай әрдайым жадымызда сақтайық!
І бөлім «Менің елімнің рәміздері»
1 - жүргізуші: Егеменді еліміз жер бетіндегі басқа мемлекеттермен терезесі тең өркениетті ел ретінде танылды. Әр мемлекеттердің өзінің туы, елтаңбасы, гимні болады. Олар сол елдің мемлекеттік белгісі. Бұл белгілерді «Рәміздер» деп атайды.
Олай болса бұл туралы оқушыларымыз не?- дейді екен. Кезекті оқушыларымызға берелік.
1 - оқушы:
Отан – менің ата - анам,
Отан – досым, бауырым.
Отан - өлкем, астанам,
Отан туған ауылым!
Т. Молдағалиевтің «Республика рәміздері» атты өлеңі оқылады.
2 - оқушы: «Әнұран» 3 - оқушы: «Елтаңба» 4 - оқушы: «Біздің ту»
Әліппе: Балалар «Рәміздер» туралы бірнеше сұрағым бар. Сол сұрақтарға қалай жауап берер екенсіңдер.
1. Елбасымыз кім? ( Н. Ә. Н)
2. Тәуелсіздігіміздің биыл неше жылдығын тойлап жатырмыз?
3. Қазақстан Республикасының астанасы қай қала?
4. Рәміздерді ата.
2 - жүргізуші:
Көк жүзінде көгілдір.
Гүл жайнаған мөлдір нұр,
Қазақстан жалауы –
Желбірейді аспанда,
Отан орны асқарда. – деп
Хор: «Бақытты балалық шақ» әнімен бүлдіршіндерімізді ортаға шақырайық
1 - жүргізуші:

ІІ бөлім. «Әліппе – білім бастауы»
Бұл бөлімде: «Әліппенің беттерінен осы уақытқа дейін не үйрендік?» сол жайында өз білгендеріңді ортаға салап, алған білімдеріңді саралайды.
Барлық әріп бағалы,
Айттық әділ бағаны
Әріпсіз сөз болмайды,
Буын онсыз толмайды
Адам барлық әріпті
Ардақтайды қолдайды
2 - жүргізуші
Алфавиттер келіңдер,
Орындарыңа тұрыңдар
Бастайық қане айтысты

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама