Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 3 күн бұрын)
Ғажайып төрттік
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Пәндер бойынша білімдерін бекіту мақсатында оқушының тапқырлық танытып, тез жауап берудегі дағдысын қалыптастырып,
ептілігі мен біліктілігін байқау.
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, сөздік қорын дамыта отырып, өз бетінше қорытынды шығара білуге үйрету.
Тәрбиелік: Оқушыларды ізгілікке, ептілікке, қырағылыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Дәстүрлі емес
Сабақтың типі: Жаңашыл сабақ
Сабақтың әдіс – тәсілдері: Сұрақ – жауап, топтастыру, жинақтау,
Сабақтың көрнекілігі: Білім шыңы, кітапшалар, ту, глобус, кеспе қағаздар
Пәнаралық байланыс: Ана тілі, қазақ тілі, математика, музыка, дүниетану
Қолданылған технологиясы: Дамыта оқыту

Сабақтың барысы:
Психологиялық даярлық
Қуан, шаттан!
Қуан, шаттан!
Қуанатын күн бүгін!
Қайырлы күн!
Қайырлы таң!
Күліп шықты күн бүгін!
Топқа бөлу (фигуралар арқылы).
Топ аттары: «Ойшылдар», «Білімділер», «Тапқырлар», «Ептілер»
Ғажайып төрттіктің шарты: Төрт пән бойынша сұрақтар берілген. Әр топ мүшелері сұрақтарға жауап беру арқылы «Білім шыңын» бағындыруы тиіс.
«Білім шыңы» төрт сатыдан тұрады.
І саты Қазақ тілі
ІІ саты Ана тілі
ІІІ саты Дүниетану
ІҮ саты Математика
Әр сатыда пән атауына байланысты сұрақтар берілген. әр топтың бір мүшесі келіп, сол сатыдағы сұрақтарды алуы қажет.
Әр топтағы топ мүшелерінің жауабы тыңдалып, жауаптары тексеріледі.
Қызығушылығын ояту.
Қазақ тілі - өз тілім, ана тілім,
Абай, Мұхтар сөйлеген – дана тілім
Қастерлейді ұл - қызың мәңгі сені
Қуанышым, бақытым, дара тілім, - деп ақын – жазушыларымыз жырлағандай 1 - сатының тапсырмалары қазақ тілі пәні бойынша беріледі.

Қазақ тілі
Грамматикалық жарыс
«Дыбыс таңдау» ойыны
Шарты: Әрбір сөздің басқа дыбыстары бірдей дыбыстардан басталатын ұзақ сөйлем құрастыру керек.
1 - т «Б» дыбысы Қазақ тілінде неше септік бар?
2 - т «Қ» дыбысы Сөз таптарын ата.
3 - т «С» дыбысы Сөйлем мүшесін ата.
4 - т «Т» дбысы «Туралы» қатыстырып, сөйлем құра.
Жауаптары:
Мысалы:
Бала бақшадағы балаларға биші Бибігүл би билеп беруге барды.
Қанат қорадағы қалған қозылы қойды қырдағы қойға қосты.
Сарыағаштағы Самал сары сиырының сүтінен сүзбе сүзді.
Нұрлан талдың түбінде тұрып, тауықтарына толтырып тары тастады.

Ана тілі.
ІІ саты. Ой тұжырымдау. «Ойлы болсаң, озып көр»
Ана тілім – ұраным,
Ана тілім – құралым
Ана тілім болмаса,
Мықты болмас тұрағым.
1 - тапсырма:
«Бай болсаң халқыңа пайдаң тисін,
Батыр босаң, жауға найзаң тисін» (Әйтеке би)
Қай бидің сөзі?
2 - тапсырма: 7 санының қасиетті атауларын атайық. Топтастыру
7 ата
7 керемет
7жұрт
7 нан
7 күн
7 қарақшы
7 мүшел
Бір екеуін атап бер.
3 - тапсырма:
Шырағым, ер жетерсің,
Ер жетсең сірә, не етерсің?
Алысқа шырқап кетерсің.
Шыңдасаң шыңға жетерсің – деген бата кімге берілген (Ыбырайға)
4 - тапсырма:
«Күннің шуағы жылы
Ананың құшағы жылы шешендік» сөз бе, әлде мақал ма? (сурет бойынша)

ІІІ саты Математика
Ой қозғау
Тапқыр болсаң, тауып көр.
Білімінің тұңғиығын болмайтұғын
Оқысаң жалықтыра қоймайтұғын.
Ғылым бар патшасы боп дараланып,
Математика – қызыққа тоймайтұғын.
«Тапқыр болсаң, тауып көр.»
1 - тапсырма: Логикалық тапсырма
Атасы неше жаста болса, немересі сонша ай болады. Ата мен немеренің жастарын қоссақ 91 шығады. Атасы неше жаста, немересі неше жаста?
Жауап: Атасы 84, немересі 7
2 - тапсырма
Бөлгіш - 5, бөліндінің мәні - 6, қалдық – 4 - ке тең. Бөлінгішті тап. (34)
3 - тапсырма
12 бұтағы бар алып емен, 52 шыбық тарап өсіп - өнген.
Шыбық сайын жетіден жапырағы, бар ма еді сондай ағаш көзің көрген.
Жауап: Жыл, 12 ай, 52 апта, 7тәулік.
4 - тапсырма:
Бес миллион бір жүз тоғыз санының цифрмен жазылуын көрсет? (5. 000. 109)

Дүниетану.
ІҮ саты Ой қозғау.
«Біз ата - бабаларымыздан табиғатты мұраға, ал болашақ ұрпақтан қарыз алдық»... Халық даналығы. Жанды сұрақ: Мектеп директоры: С. Үмбеталин.
1 - тапсырма: Әлемнің жеті кереметі – ғажайып сәулет туындыларын ата.
Александрия манары
Хеопс пирамидасы
Галикарнас кесенесі.
Үлкен сфинкс
Семирамиданың аспалы бағы
Артемиданың ғибадатханасы
2 - тапсырма:
Қазақстан жер көлемінен дүниежүзі елдерінің ішінен нешінші орынға ие Және қанша км аумақты алып жатыр?
(9 орын, 2 миллион 724 мың км)
3 - тапсырма
Ақтөбе облысындағы мұнай кен орны:
А) Кеңкияқ, Көкжиде
Ә) Қарашығанақ, Жетібай
Б) Қоңырат
4 - тапсырма:
Биыл жылы Тәуелсіздігіміздің неше жылдығы тойланды?
«Білім шыңы»
Ү саты. 50 балл Қазақстандағы жеті керемет, өлеңі суреті.
Алдарыңыздағы қима қағаздағы тапсырмалардың артқы бетінде бірнеше сөздер берілген. Сол сөздерді дұрыс құрастыру арқылы берілген өлең жолдарын оқи аласыз.
Шырқалып еркіндіктің әні бізде
Келісті салтанат пен сәнімізде.
Тәуелсіздік төрлесін мәңгі бізде,
Тек сәттілік тілеймін бәріңізге.

Қорытынды бөлім:
Тәуелсіз Қазақстанның туы мәңгі желбіреп, еліміз өркениетті елдер қатарында болып, әлем таныған елдер қатарында болсын! Биыл ел Тәуелсіздігінің 20 жылдық мерекесі кеңінен аталып өтуде. Бүгінгі еліміз жер шарындағы әлемге танылған, озық елдердің бірі. Білімі терең, ұлттық рухы мықты ел ғана ел тәуелсіздігін сақтап қалады және ары қарай өркендеуіне мол үлес қосады. Сондықтан тәуелсіз елдің егеменді ұл – қыздары болыңдар деген ниетпен сабағымды қорытындылаймын.
Туымыздың тұғыры мықты,
Еліміздің іргесі берік болсын!
Сабақты Е. Хасанғалиевтің «Атамекен» әнімен аяқтайық.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама