tengrinews.kz
- 21 ақп. 2026 17:00
- 109
Алматы тұрғындарын қатты жел мен бұлттар алаңдатты
Бүгін Алматы қаласында тұрғындарды таң қалдырған табиғат құбылысы болды. Кенеттен соққан қатты жел қаланы қалың бұлттарға орап, кейбір тұрғындарды алаңдатты. Бұл туралы қала тұрғындары әлеуметтік желілерде жарыса жазды.
Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Тұрғындардың айтуынша, жел күрт күшейіп, қала аспаны тез қараңғыланып кеткен. Кейбір куәгерлер желдің екпіні соншалықты қатты болғанын, тіпті үйлердің шатырлары мен терезелерінің дірілдегенін айтады.
Желдің себебі не?
Әлеуметтік желідегі жазбаларға қарағанда, желмен бірге төменде орналасқан, аспанды тұтасымен жапқан бұлттар пайда болған. Сарапшылар мұны «дауылды жаға» немесе «вал бұлты» деп атайды екен. Бұл – найзағайлы фронттың алдыңғы жағында пайда болатын, айналмалы цилиндрге немесе құбырға ұқсайтын, көлденең бұлт тізбегі. Мұндай бұлттар әдетте қатты желмен бірге жүреді.
Бір тұрғын Threads желісінде былай деп жазды: «Таңнан бері ерекше табиғат құбылысын байқадық – дауылды жаға, немесе вал бұлты екенін ChatGPT айтты. Жылы ауаның (смогтың) осы бұлтпен жоғары қарай жиналып жатқанын көруге болады. Демек, Алматы тағы бірнеше күн таза ауамен дем алады».
Басқа қалалардағы жағдай
Жел тек Алматыда ғана емес, басқа қалаларда да сезілген. Мысалы, Шымкентте түнде қатты жел мен найзағай болғаны туралы хабарланды. Бішкекте де желдің екпіні байқалған.
Жамбыл облысында желдің екпіні секундына 30 метрге дейін жеткен. Облыс әкімдігінің мәліметінше, 7 елді мекендегі 25 нысанның шатыры зақымдалған. 13 елді мекенде электр қуатымен, 3 елді мекенде газбен жабдықтауда үзілістер болған. Қазіргі уақытта коммуналдық қызметтер күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.
Қазгидромет Алматыға тек тұман болатынын ескерткенімен, Алматыдағы жағдай мүлдем басқаша болды.