Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 14 минут бұрын)
Алматыда жасөспірімдерді өлтіру ісі бойынша 12 адам ұсталды

Алматыда жасөспірімдер арасындағы жаппай төбелес екі жасөспірімнің өлімімен аяқталды. Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Қанды оқиғаның мән-жайы

Оқиға түнде компьютер клубында басталған жанжалдан кейін болған. Жасөспірімдер арасындағы сөздік келіспеушілік тез арада жаппай төбелеспен ұласып, оның барысында екі жасөспірім пышақ жарақатынан қайтыс болды. Дәрігерлердің барлық күшіне қарамастан, зардап шеккендерді құтқару мүмкін болмады.

Ананың айтуынша

«Баламның досы көмек сұрап келді. Біреумен сөзге келіп қалғанын, сөйлесу керектігін айтты. Сол жерде шамамен 10 шақты жігіт болды. Төбелес басталды да, соның бірі Есімді жүрегіне пышақтап салды. Балам ашуланып, оны қуып кетті. Сол жерде оны тағы пышақтап өлтірді», - деді қаза тапқандардың бірінің анасы Айгерім Тәуекелова.

Қылмыстық іс қозғалды

Өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ұсталғандардың барлығының жасы 17-18-де. Полицияның ресми өкілі Салтанат Әзірбек: «Дене жарақатын нақты салған тұлғалар анықталды. Олар қазір қамауға алынды. Қылмыстың басқа да қатысушыларының әрекеттеріне де құқықтық баға беріледі. Ауыр қылмыстар үшін қылмыстық жауапкершілік 14 жастан басталады», - деп мәлімдеді.

Жаңалықтар

Жарнама