Tengrinews.kz / Турар Казангапов
- 17 нау. 2026 12:31
- 24
Алматыда "көлеңкелі" жалақы алатындарға салық қосымша есептелуі мүмкін
Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті (МКД) жұмыс берушілер мен жалдамалы қызметкерлерді ресми емес жұмысқа орналастырудың салдары туралы ескертті. Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлайды.
2025 жылдың қорытындысы бойынша Алматының салық органдарына ресми емес жұмысқа орналастыру және әлеуметтік төлемдерді аудармау туралы 1200 шағым түскен. Мұндай өтініштер 2026 жылы да келіп түсуде.
"Көлеңкелі" жалақының тәуекелдері
Кейбір салық төлеушілер арасында еңбек қатынастары ресми түрде ресімделмеген немесе табыстың бір бөлігі салық есепке алынбай төленетін "көлеңкелі" жалақы төлеу тәжірибесі сақталып отыр. Қызметкерлер кейде қолына көбірек ақша алуды ойлап, мұндай схемаларға келіседі. Алайда бұл қызметкерлерді әлеуметтік кепілдіктерден айырады және болашақта елеулі қаржылық тәуекелдерге әкелуі мүмкін.
Ресми жұмысқа орналасудың артықшылықтары
Ресми жұмысқа орналасу зейнетақы жинақтарын, ауруханалық және демалыс төлемдерін, еңбек ету қабілетінен айырылған жағдайдағы жәрдемақыларды, сондай-ақ неғұрлым қолайлы шарттармен несие алу мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Ресми аударымдарсыз еңбек өтілі есепке алынбайды, ал болашақ зейнетақы мөлшері төмендейді.
Сонымен қатар, еңбек шарты бойынша жұмыс істеу жұмыстан шығу кезіндегі төлемдерді, жұмыссыздық бойынша жәрдемақыларды, декреттік төлемдерді және МӘМС жүйесі бойынша медициналық қызметтерді кепілдендіреді. Ресми емес жұмыспен қамтылу кезінде бұл құқықтар жоғалуы мүмкін, ал мемлекеттік төлемдер минималды болады.
Мүлік сатып алу кезіндегі салықтық тәуекелдер
МКД пәтер, автокөлік немесе басқа да мүлік сатып алған кезде салық органдары шығындарды ресми түрде декларацияланған табыстармен салыстыратынын ескертеді.
"Нәтижесінде, салықтарды қосымша есептеу, тексерілген барлық кезең үшін өсімпұлды есептеу және әкімшілік жауапкершілікке тарту мүмкін болады. Бүгін "тиімді" болып көрінген нәрсе, болашақта елеулі қаржылық міндеттемелерге айналуы мүмкін", - деп ескертті МКД.
Еңбек қатынастарын тексеру және ресімдеу жолдары
Барлық еңбек шарттары міндетті түрде Enbek.kz порталында тіркелуге тиіс. Зейнетақы, әлеуметтік және салық аударымдарын eGov.kz порталы, ЕНПФ жеке кабинеті, "e-Salyq Azamat" мобильді қосымшасы немесе екінші деңгейлі банктердің қосымшалары арқылы тексеруге болады.
-
В Казахстане завершено расследование в отношении члена организованной преступной группы, подозреваемого в мошенничестве через Instagram. Общая сумма ущерба составила около 80 миллионов тенге.