Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 38 минут бұрын)
Алматыда қоғамдық тәртіпті бұзған жасөспірімдер Қазақстаннан шығарылды

Алматы қаласының көшелерінде қоғамдық тәртіпті бұзған жасөспірімдер сот шешімімен Қазақстаннан шығарылды. Бұдан бөлек, оларға елге кіруге тыйым салынды.

Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Бұған дейін әлеуметтік желіде Алматыдағы жасөспірімдердің агрессивті мінез-құлқы туралы видеолар пайда болған еді. Қала тұрғындарының айтуынша, жасөспірімдер кафеге келгендерге жақындап, ақша талап етіп, бас тартқан жағдайда жанжал шығарып, тас пен орындықтар лақтырған.

Полиция тексеру бастағанын хабарлады. Кейіннен жасөспірімдер анықталып, Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына орналастырылды. Олардың және олардың ата-аналарының көрші елдің азаматтары екені белгілі болды. Сол кезде оларды депортациялауы мүмкін екені айтылған.

Сонымен қатар, кәмелетке толмағандардың заңды өкілдері оларды тәрбиелеуде тиісті міндеттерін орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Жаңалықтар

Жарнама