Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 47 минут бұрын)
Алматыдағы қоғамдық көлікте "Avtobys" жүйесімен жолақы төлеу мүмкіндігі 13 бағытта іске қосылды

Алматы қаласындағы қоғамдық көліктерде "Avtobys" электронды төлем жүйесін қолдану мүмкіндігі 13 бағытта іске қосылды. Бұл туралы жүйе операторы хабарлады.

Жаңа жүйе №51, 117, 219, 221, 228, 234, 258, 33, 232, 4, 85, 8 және 54 бағыттарындағы автобустарға орнатылды. "Avtobys" жүйесі Алматыда 4 наурыздан бастап жұмыс істей бастаған болатын.

Бұған дейін 7 ақпанда қоғамдық көлікте төлем жүйесін кезең-кезеңімен енгізу туралы ақпарат тараған еді. Алғашқыда жүйе жекелеген бағыттарда, кейіннен барлық қоғамдық көлік желісінде қолданысқа берілуі тиіс болған. Алайда, бұл жаңалықты Автобус тасымалдаушылар қауымдастығы қолдамады және Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігіне шағым түсірген болатын.

Енді қалада ескі "Onay" және жаңа "Avtobys" жүйелері қатар жұмыс істейді. Бұл жүйелерде арнайы тарифтерді ресімдеудің бірнеше нұсқасы қарастырылған.

Жаңалықтар

Жарнама