- 05 нау. 2024 02:48
- 217
Алтын күз
Алтын күз
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекеті: Тіл дамыту
Мақсаты: Күз айларының атауларын атау, олардың ерекшелігін ұғындыру. Күз мезгілін Жомарт күз, Алтын күз, қоңыр күз деп атай отырып, әр көрінісінен алған білімдерін қорытындылау. Күзгі табиғат өзгерістерін бақылап, күз байлығын, әсемдікті сұлулықты сезіне білуге үйрету.
Жаңа сөз: сұр - бұлт, көңіл - күй
Көрнекі құралдар: жапырақтар, күз мезгілінің суреті
Балалар шаттық шеңбер құрып, орнымыздан тұрып барлығымыз бірге жылы лебіздерді білдірейік.
Армысың жер ана!
Армысың көк әлем!
Армысың жан досым!
Армысың апайлар!
Жылуыңа жылу қос!
Міне, менің қолым!
Балалар орнымызға жайғасамыз.
Дымқыл тұман басады
Шөп сарғайып, өңі тайып
Дала сұры қашады
Ойнап алмай
Денең мұздап тоңады.
Тәрбиеші:
- Айтыңдаршы балалар бұл қай кезде болады?
- Балалар біздің тобымыз әдемі қараңдаршы. Жапырақтар сары, қызғылт өте әдемі екен.
- Солай ма балалар?
- Топты әдемілеп қойған, сиқырлы күз мезгілі әдемілендіріп қойған екен. Олай болса, оқу іс - әрекетімізді бастаймыз.
Балалар күз мезгілінде неше ай бар?
Балалар: Үш ай
Олар қандай айлар қане атайықшы?
Балалар: Қыркүйек, қазан, қараша
Күз мезгілінің ерекшелігі қандай?
Балалар: Күн жел болады, жаңбыр жауады, жапырақтар жерге сарғайып түседі, жердің иісі шығады.
Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар!
Тәрбиеші: Күз туралы әңгімелейді.
Сергіту сәті
Қоюланып қара бұлт
Жаңбыр жауады себелеп,
Жапырақты жамылып
Жасырынды көбелек,
Күннің көзі ашылды
Көбелектер шашылды.
Тәрбиеші: Балалар мен сендермен ойын ойнағым келіп отыр.
Д/О: Ойынның аты «Кім жапырақты көп жинайды»
Ойынның шарты: Ендеше жапырақтар шашылып жатады. Балалар белгі берілген кезде жапырақтарды жинап шығу керек. Көп жинаған бала жеңеді. Жиналған жапырақтардың түстерін ажыратып айту.
Тәрбиеші: Балалар алтын күз неге кешігіп жатыр екен, келем деп уәде беріп еді.
Балалар ортаға Алтын күзді шақырайық.
Балалар( хормен).
- Келші келші, Алтын күз.
/ортаға жапырақтарын шашып Алтын күз кіреді/
Алтын күз: Сәлем, өрен достарым
Алақанды тос бәрің,
Қымбатты сый алыңдар
Қызығыма қаныңдар.
«Мереке басы ән болар, береке басы дән болар,»- демекші, мен көктемде еккен мол астықты жинап, қамбаларды алтын дәнге толтырдым.
Сондықтан мені жомарт күз деп атайды.
- Балалар мен сендерге өзіммен бірге тапсырмалар ала келдім.
Апайларыңа тапсырамын!
Тәрбиеші: конверті ашып, тапсырмаларды оқиды.
1 - тапсырма: «Кім тапқыр» жұмбақ шешу
Дөп - дөңгелек доптай
Іші - қызыл шоқтай,
Дәмін татып көрсең
Одан дәмді жоқтай. /Қарбыз/
Тырс - тырс тамады,
Тереземді қағады. /Жаңбыр/
Ағаш толы сары шымшық,
Сілкіп көрсең түседі ұшып /жапырақ/
2 - тапсырма: Орамалыңды ашайық
Астынан не қарайық?
Бұл не?
Бұл себет қой балалар!.
Себеттің бетін жапырақтар жауып тұрады. Ал жапырақ астынан жемістер мен көкөністер шығады. Д/О: Көкөністермен жемістерді ажыратып, түсін айту.
Алтын күз: Балалар жарайсыңдар, сендер жұмбақты шешіп, көкөніспен жемістердің атын атап, олардың түсін ажыраттыңдар, ой ұшқырлықтарыңды көрдік, балалар жарайсыңдар!
Мына көкөністерді апайларыңа тапсырдым. Соңынан бөліп жерсіңдер.
Балалар ендеше мен сендермен қоштасайын. Мен ұзақ жол жүруім керек.
Сау болыңыздар!

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.