Photo: Ayazhan (https://www.pexels.com/@ayazhan-3173683) / Pexels
- 12 сәу. 2026 13:30
- 26
Алтынай Жорабаева қызының тұрмысқа шығуымен қуанышын бөлісті
Әнші Алтынай Жорабаева отбасындағы үлкен қуанышымен бөлісті. Өнер иесінің қызы тұрмысқа шығып, болашақ құдаларымен танысты. Бұл жаңалықты әнші өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.
Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Отбасылық қуаныш
Алтынай Жорабаева жазбасында: "Балапандарымызға Тағдырдың тартуы тек ТӘТТІ болсын. Көп нәрсе айтқым да, жазғым да келіп тұр. Балаңның әрбір қуанышы – ата-ана үшін мың есе қуаныш. Тәтті шәй тәттілермен басталды. Ақ көңіл, адал ниетпен ақ дастархан басында бас қосып, болашақ құдаларымызбен танысып, көңілімізді бірлеп алдық, шүкір", – деп жазды.
Жаңа өмір бастауы
Әнші болашақ құдаларымен кездесуді өмірінің жаңа кезеңінің бастауы деп атап өтті. "Өміріміздің “ҚҰДА-ҚҰДАҒИ” деген асуы басталғалы жатыр, бұйырса. Әр белес, әр сәт – бақыт. Өсіріп отырған ұл-қыздарымыздың тек қызығын көруді нәсіп ет Аллаһым", – деп тілегін жеткізді.
Алтынай Жорабаева оқырмандарын да жас жұбайларға бақыт тілеуге шақырды. "Артық сөз жазбай, ақ жарма тілектеріңізді жазып, балапандарға бақыт тілеп қойыңыздаршы. Өйткені, еселеп өздеріңізге қайтады. Жұғысты болсын", – деп сөзін қорытындылады.