Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 сағат бұрын)
Ана деген сыйқырлы сөз
Ана деген сыйқырлы сөз.
Түн ұйқысын төрт бөліп
Ақ сүт берген аялап
Анашым, асыл аяулым
Өзіңсің бізге сая бақ.
Жүрегіңнің жылуы
Күн нұрындай шуақты.
Мейірімді жүзіңнен
Сезінемін қуатты.
Тәңірімнен тілерім.
Аман жүрші асылым
Қартаймашы ешқашан
Тірегі отбасымның.
Өзің үйге кіргенде
Нұр шашасың біздерге
Өзіңнен нәр, қуат алып
Бой түзейміз біздерде.

Туған жерім
Туған жер - Меркім ауылым
Өсіріп мені келеді.
Табиғаты Меркімнің,
Күш - қуат маған береді.
Сағынам алшақ кетсем мен
Туған жер сені ойлаймын.
Ыстық қой лебі Меркімнің.
Сағынбай оны қоймаймын.

Иван Трубицын атындағы №17 ЖББМГ
4 сынып оқушысы Бауржан Алтынай

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама