Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 2 сағат бұрын)
Ұстазым
Ұстазым
Ұстаз деген - жарық күні ғаламның,
Ұстаз деген - анасы ол адамның.
Бүкіл әлем мойындайды еңбегін,
Білімі мен тәлімінен нәр алдың.
Ұстаз деген - ұлылардың ұлысы,
Қасиеттеп бас иелік мәңгілік!

Шығарма: Менің анам асыл адам
Әрбір адамның жарық дүниедегі ең жақыны, жанашыры, қадірлісі, қамқоршысы ақ сүтін беріп аялаған, жанын да аямаған ардақтысы - ол асыл ана. Ана мейрімі мен махаббаты ең алдымен балаға ақ сүтін беріп әлпештеп өсірген ана жүрегінің жылуынан басталады. Ал, содан кейін ананың нәзік үні, жұмсақ аялы алақаны, жан жылуымен аялауы бізді жұбатады.
Баласы үшін ана не істемейді? Ана болу - бүкіл өміріне кететін ұлы рухани күш пен ерен еңбек.
«Балапанды торғайлар өрт болмасын тілейді, Балаларға аналар дерт болмасын тілейді.»- деп ата - бабамыз айтпақшы әрбір ана баласы үшін бәріне дайын.
Кез келген баланың асыл анасы бар. Менің анамның есімі Ғалия. Ол өте еңбекқор, ақылды, ақ көңіл, жүрегі жұмсақ, мейрімді адам. Өз анама қарап, ана бір қолымен әлемді, бір қолымен бесікті тербетуші жер бетіндегі ең қасиетті адам екеніне сенемін. Себебі, ауырғанымда түн ұйқысын төрт бөліп, уайымдап, емімді таппайынша жанын жерге қоймайды. Өсе келе анамнан өзімнің кішкентай кезімде қандай болғанымды көп сұраймын. Анамның әңгімелерінен өзімнің қырсық, әрі ерке - бұзық болғанымды байқаймын. Содан кейін анамның төзімділігіне тамсанып таңқаламын. Мен анамды өте қатты жақсы көремін және сыйлаймын. Болашақта анамның үмітін ақтап, бақытты етуіне бар күшімді саламын. Анашым біздің бақытымыз үшін аман жүріңізші.

Иван Трубицын атындағы №17 ЖББМГ
4 сынып оқушысы Қарман Сымбат

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама