Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Ана – өмірдің шуағы
Ана – өмірдің шуағы
Жүргізуші: Құрметті асыл аналар, әжелер мен қыздар! Сіздерді көктемнің алғашқы айында еліміздің барлық жерінде тойланатын 8 - наурыз әжелер, аналар, қыздар мейрамымен шын жүректен құттықтаймыз. Ананың тілегі, ананың жүрегі, ананың махаббаты, ананың ыстық құшағынан қасиетті ештеңе жоқ. Ең ыстық күннің нұры да, ананың шапағат мейіріміне жетпейді. Бүгінгі 8 - наурыз – аналар мерекесіне арналған «Ана - өмірдің шуағы» атты мерекелік кешімізді ашық деп жариялауға рұқсат етіңіздер! Барлық өнеріміз аналар сіздер үшін.
Ортаға МАД 0 «В» сынып балаларын қарсы алыңыздар.
Мұхаммед:
Мереке, мереке!
Мереке де келіп қалды.
Бізде бәрі дайын ба?
Қонақтарда келіп қапты.
Аслан:
Айттым ғой мен сендерге,
Үлгермейміз қазір деп.
Бәріне қыздар кінәлі,
Өлең айтып болғаны.
Саят:
Ұлдар, ұлдар ұрыспаңдар.
Әне, өздері де келіп тұр,
Көңілдірек қарсы алайық
Біздің қыздар келіп тұр. (қыздар ортаға шығады)
Жүргізуші: Бишілер бар бізде қыздар мен ұлдар тобы,
Мерекеге өнерімен келген бүгін.
Таң қалдырып, қанекей би билеші,
Қол соғып, демеу берсе көрермендер!
Би: «Анашым» қабыл алыңыздар.
Жүргізуші: Бала, бала, бала деп,
Түнде шошып оянған
Түн ұйқысын төрт бөліп,
Түнде бесік таянған.
Өзенді көлдей шалқытқан.
Қолын қатты тигізбей,
Иісін жұпар аңқытқан
Бұл кім?
Балалар: Ана, ана, ана!
Жүргізуші: Бүгінгі мейрамда көктемдей көңіл сыйлайтын балаларымыздың аналарға арналған өлең шумақтарын қабыл алыңыздар. (Балжан, Нұрайым, Гүлсезім, Мариям, Гүлдана, Гүлай)
1. Гүлдана
Ана деген ақылшың,
Анаң барда батырсың.
Қасыңда кім болса да,
Тек анаңа жақынсың.
2. Нұрайым
Әр сөзімді жаттаған,
Жүрегімде сақтаған,
Анашым деп мақтанам,
Айналайын ақ мамам.
3. Гүлсезім
Ана дейміз бәріміз де аңқылдап.
Ана дейді жас сәби де жарқылдап.
Ана деген – бәйтерегі өмірдің
Ана деген – алтын қазық, алтын бақ.
4. Мариям
Шашымды өріп тараған,
Қабағыма қараған
Үлкен кіші демейді,
Сыйлайды оны бар адам.
5. Гүлай
Ақ анашым, аппағым,
Өзің жайлы тақпағым,
Өзің жайлы әнім де,
Арнадым саған бәрін де.
6. Балжан
Ана десем шешек ашып жанары,
Өмірімнің бастау алар жанары.
Ана деген тіршілікке пана боп,
Әрбір үйде жұлдыз болып жанады.
Жүргізуші: Құлақтан кіріп, бойды алар,
Әсем ән мен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар,
Әнді сүйсең, меніңше сүй, – деп, Абай атамыз айтқандай балалардың орындауындағы «Ақ мамам» әнін, қабыл алыңыздар.
Ән «Ақ мамам»
Жүргізуші: Ана ол біздің елде ардақты адам,
Кішісі де, үлкені де ардақтаған.
Өзінің аяулысын да Отанын да,
«Ана» деп біздің халық текке айтпаған, – кезекті өлең шумақтарына береміз. (Мұхаммед, Аман, Бағлан, Еркебұлан)
1. Мұхаммед
Ақ қабақты анашым,
Күн сәулелі анашым.
Әлпештеген баласын,
Айналайын анашым

2. Бағлан
Ақыл құйған санама,
Күннен артық, расында.
Күн алыста, ал анам,
Ылғи менің қасымда.
3. Аман
Анамды мен жақсы көрем,
Айтқан тілін алып жүрем.
Қасымда анам жүргенде
Шаттанып ойнап күлем.
4.. Еркебұлан
Сенен өскен балалар,
Батырлар мен даналар
Құттықтаймыз мейраммен
Құрметті аналар.
Жүргізуші: Мерекеге арналады бүгін билер.
Көтерілсін, қанекей, көңіл күйлер.
Алдарыңызда қыздар биі,
Таң қалдырып қанекей би билеңдер, – демекші, ендігі кезекте қыздардың орындауында «Кемпірқосақ биі», қабыл алыңыздар!
Жүргізуші: Ойын «Кір жаю» (3 ана, 3 ұл бала қатысады)
Шарты: Аналар шелектен жуылған бет орамалдарды алып беріп тұрады, ал ұлдары жіпке іледі. Бірінші болған топ шелектерін қолдарына алып орындыққа отырады.
Жүргізуші: Бүгінгі мереке күні әжелерімізді де мерекелерімен құттықтаймыз. «Қариясы бар үйдің, қазынасы бар» деп бекер айтылмаған. Келесі құттықтауларымыз сіздерге арналады құрметті әжелер. (Досмұхан, Ажарлым, Шұғыла, Асел, Саят)
Тақпақтар:
1. Досмұхан
Менің әжем мейірбан,
Мені жақсы көреді.
Қажетіне жарасам,
Жас балаша күледі.
2. Ажарлым
Мені жақсы көреді,
Күндей күліп жүреді,
Көп ертегі біледі,
Маған айтып береді.
3. Шұғыла
Әже деген көп шығар,
Әжемдей жоқ шығар.
Мейірімді бұл кісі,
Қандай ғажап күлкісі.
4. Асел
Қоя ғой, қарғам, күнім деп,
Айналар жанды жылытып.
Қараса әжем күлімдеп,
Кетеміз бәрін ұмытып.
5. Саят
Әжем менің асыл жан
Жақсылыққа үйретіп,
Жамандықтан шектейді.
Әжеме ешкім жетпейді!
Жүргізуші: ән: «Сағындым әже»
Жүргізуші: Достықты біз ойлаймыз,
Бірге күліп ойнаймыз.
Қыздарды да құттықтап,
Мерекесің тойлаймыз - дей отырып, біздің топтың ер жігіттері қыздарды құттықтап би билейді. Би: «Джентльмендер»
Жүргізуші: Ойын «Жылы сөздер». Аналар өз балаларына берілген әріптерден басталатын жылы сөздер айтады.
Жүргізуші: Жан анам, құттықтаймын мереке күніңмен,
Көктемнің құлпыра бер нарт гүлімен.
Өрлесін елдің берген бақыт бағы,
Жазбасын шат көңілін ақ күніңмен, – деп, ендігі кезекте балалардың құттықтауына берейік.
1. Әділбек: Қымбатты әжелер, аналар, апалар, қыздар!
Сіздерді 8наурыз мерекесімен құттықтаймыз.
Сіздерге зор денсаулық, мол бақыт тілейміз.
Мерекелеріңіз құтты болсын!
2. Досмұхан: Милые мамы, дорогие бабушки, уважаемые воспитатели!
От всей души поздравляем вас с весенним праздником 8марта.
Желаем вам здоровья, счастья и успехов во всем!
3. Бағлан: Dear Mummy, Dear Granny!
I want you to be happy!
On the eights of March
I love Mummy, I love Granny
I wish them health
I wish them wealth!
Жүргізуші: Ұстаз болу – жүректің батырлығы
Ұстаз болу – сезімнің ақындығы
Ұстаз болу – мінездің күн шуағы
Азбайтұғын адамның алтындығы.
Кезекті директордың бастауыш сыныптар бойынша оқу - ісінің меңгерушісі Жасымбекова Нүрзия Ақмолдақызына сөз береміз.
Жүргізуші: Ата - аналарға құттықтау сөз кезегін береміз.
Жүргізуші: Сүйкімді ғой балалар
Өнерлі ғой баршасы
Міне, осындай қойылым
Көрсетті МАД «В» сыныбы
Құрметті аналар мен әжелер! Сіздерді 0 «в» сынып балаларының атынан шын жүректен құттықтаймын. Аяулы аналарымыз, ардақты әжелеріміз, сүйкімді балаларымыз әрқашан аман болсын! Бүгінгі «Ана – өмірдің шуағы» атты ертеңгілігіміз осымен аяқталды. Көріп тамашалағандарыңызға рахмет!

ОҚО, Қазығұрт ауданы,
Т. Рысқұлов мектеп - лицейі
Бастауыш сынып мұғалімі
Кабланова Жазира

Толық нұсқасын жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама