Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 3 күн бұрын)
Ана тілі - жүрек үні
Сабақ мақсаты: Оқушыларға ананың қоғамдағы, өмірдегі, ұрпақ тәрбиесіндегі орны туралы түсінік беру.
Сабақтың міндеттері:
• Оқушыларға әлемдегі бар жақсылық пен игі істердің ең асыл сезім – ана махаббатынан тарайтындығын түсіндіру;
• Балалардың жүрегінде анаға деген сүйіспеншілік, қадір - құрмет сезімдерін ламыту;
• Адамзат баласының алдындағы үлкен парыз – ананы сүюге, ана еңбегін ақтай білуге тәрбиелеу;

Сабақ барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
Тыныштық сәті.
- Сенің бір жасыңда, анаң сені емізді, үсті - басыңды жуып, тазалады. Бұның рахметіне сен түні бойы жыладың.
- Сен екі жасқа толғаныңда, анаң саған жүруді үйретті. Ал сен болсаң, анаң шақырғанда қашатын едің.
- Сен үш жасқа толғаныңда, анаң саған ең дәмді тағамдар әзірледі. Ал сен болсаң, табақтарды жерге лақтырдың.
- Сен төрт жасқа келгеніңде, қолыңа қалам беріп, жазуды үйретті. Ал сен болсаң, дуалдарды шимақтадың.
- Бес жасқа толғаныңда, анаң саған әдемі киімдер киіндірді, бұның рахметіне сен үйге кір - қожалақ болып оралар едің.
- Алты жасқа толғаныңда, анаң сені мектепке алып барды. Ал сен болсаң, «оқымаймын» деп, «бақырып жылап» сабақтан қаштың.
- Он жасқа толғаныңда, анаң сені құшақтағысы келіп мектептен қашан келер екен деп, сарғая күтіп отырды. Ал сен болсаң дереу бөлмеңе қарай асықтың.
- Сен он сегізге толып, ер жеткеніңде, анаң балам «есейді» деп көзіне жас алды. Ал сен болсаң мен «машина» мінгім келеді дедің.
- Жасың жиырмаға толғаныңда, анаң «балам біршама уақыт үйде отыршы» деп өтінді, ал сен болсаң, бар уақытыңды достарыңа бөлдің.
- Сен жиырма беске келгеніңде, анаң той жасап сені үйлендірді. Ал сен болсаң, «лажы болса үйден ұзақ болайын» деп анаңды тастап, әйеліңмен бірге еншіңді алып кеттің.
- Жасың отызға толып бала - шағалы болғаныңда, анаң «бала тәрбиесінде» көмек бергісі келді. Ал сен болсаң, «менің жеке басымның тірлігіне, жеке өміріме» араласпа дедің.
- Сен отыз беске келгеніңде, анаң сені «тамақтануға» үйіне шақырды. Ал сен болсаң, «тығыз шаруаларым көп, уақытым жоқ» дедің.
- Сен қырыққа келгеніңде, анаң саған телефон соғып «балам мен науқаспын, сенің қолғабысыңа мұқтажбын» дегенде, сен «ата - ананың мәселелері балаларын мазалайды» дедің.
- Күндердің күні «анаң» о дүниеге аттанады. Ананың балаға деген махаббаты өзімен бірге кетеді.
Ананың о дүниеге аттануымен, сен үшін «жәннат есіктерінің» бірі жабылатындығын ұмытпа. Анаңды еш уақытта жалғыз қалдырма. Қолыңнан келгенше анаңа жақсылық жаса. Ол қандай сөз айтса да, анаңды бақытты қылуға тырыс. Еш уақытта анаңа ашуланушы болма. Оның саған деген махаббаты орналасқан «жүрегін» жаралайтын ауыр сөздер айтушы болма. Сенің жалғыз ғана «анаң» бар!

Үй тапсырмасын тексеру
3. Әңгiмелеу (сұхбат).
Сұрақтарға жауап беріңдер.
1. Ана өмір тірегі дегенді қалай түсінесіңдер?
2. Ананың қоғамдағы, отбасындағы орны туралы не айтар едіңдер?
Ж. Дәулетбектің «Ана - өмір тірегі» атты әңгімесін оқыңдар.

4. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.
«Әлемді тербеткен мейірім» тақырыбында шығарма жазыңдар.
Қазір «Менің күнім» атты энерджайзер өткіземін.
Алдарыңызда жатқан параққа күннің суретін салып, жан - жағына шуақтарын салыңдар. Дәл ортасына «менің анам» деп жазып, сипаттап беріңдер.

Жалғасын тап.
Бірде көп балалы ана ұлдарына былай депті:
– Балапандарым, мен сендерге бір жұмбақ айтайын, сендер соны шешіңдер. Сендердің бәріңді тоғыз ай абақтыға жапса, одан шыққан соң аузыңа өкпе тықса, арқанды ағашқа таңса сол адамға не істейсіңдер? Осы сұрақ жөнінде өз ойларыңды ортаға салсаңыздар.
Тұңғыш баласы: Оның басын балтамен шабар едім,- депті.
Екінші баласы: Оны мен мылтықпен атып тастар едім, – дейді.
Ал үшінші баласы: Оның кеңсірігін бұзар едім.
Ал кенже баласы былай депті:
• Жоқ, ана мына үшеуінің жасайтындары ақымақтың ісі, ал мен болсам, ол адамды аялап өлгенше алақаныма салып бағар едім, – депті.
• Ол мені жаратушы, жарық дүниеге әкелуші адам. Сіз бізді тоғыз ай көтердіңіз, бізге жарық дүние сыйладыңыз. Қырқымнан шыққаннан кейін таза жатсын деп ағаш бесікке бөледіңіз, – депті.
Балалардың аналарына деген көз қарасы қандай екенін білу үшін. «Ашығын айтсам» деген жаттығуды орындайық. Аяқталмаған сөйлемдерді аяқтаймыз.
1. Ашығын айтсам, кейде анам маған ұрыса береді, себебі.............
2. Ашығын айтсам, мен кейде ата - анамды тыңдамаймын, себебі..........
3. Ашығын айтсам, мен анамның орнында болсам.................
4. Ашығын айтсам, мен анама көп өтірік айтамын...............
5. Ашығын айтсам, анамды тек қуантсам деймін..............
6. Ашығын айтсам, кейде анамды ренжітіп алсам....................
7. Ашығын айтсам, анамның мұңайғанын көрсем........
8. Ашығын айтсам, анам ауырып қалса...................................
9. Ашығын айтсам, анама ұзақ уақыт үйде болмаса.....................
10. Ашығын айтсам, анам бір нәрсе бүлдірсем, мені қатты жазалайды.......
11. Ашығын айтсам, мен анама ренжімеймін..........................
12. Ашығын айтсам, кейде мен анамды түсінбеймін..........

Дәйексөз.
Жер бетіндегі жақсылық, ізгілік, қайырымдылық атаулының бәрі де ананың ақ сүтінен тарайды.
Н. Назарбаев
6. Үй тапсырмасы.
Дәптер толтыру.
7. Соңғы тыныштық сәті.
Ыңғайланып отырып, көзіңізді жұмыңыз. Көздеріңді жұмсаңдар да болады. Ауаны терең жұтып, еркін тыныс алыңдар. Өздеріңнің тыныс алуларыңды бақылап, бақытқа, шаттыққа, махаббат пен тыныштыққа толы таза, шипалы ауаны тұла бойларыңа толғанын сезініңіздер.
Ал енді көздеріңді ашыңдар.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама