Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 3 күн бұрын)
Балаларды ойын арқылы санай білуге үйрету
Балаларды ойын арқылы санай білуге үйрету.

Ересек адамдардың ісі, жұмысы сияқты ойын да бала өмірінде маңызды болып саналады. Бала ойында қалай болса, ол өскенде де жұмыста да сондай адам болады.
А. С. Макаренко.

Мектепке дейінгі балалардың ақыл – ой, дене адамгершілік, эстетикалық тәрбиесі жөніндегі психологиялық зерттеу нәтижелері осы кезеңдегі балалардың қабылдау мүмкіндіктері мол екенін дәлелдейді. Мұның өзі оларға білім негіздерін неғұрлым кеңірек меңгертіп, өмір туралы түсінік - терін жетілдіріп еңбекке деген сүйіспеншілік көзқарастарын қалыптас - тыруға болатынын көрсетті. Әсіресе, мектеп жасына дейінгі баларды отбасында тәрбиелеудің маңызы өте зор. Ата – аналардың басшылығымен баланың өмірлік тәжірибесі нығайып, адамгершілік, мінез – құлық әдеті жөніндегі қарапайым дағдылары жетіле бастайды, тәрбиеленуші ортаға, айналадағы адамдарға қарым – қатынасы қалыптасады.
«Зерек бала» бағдарламасында баланы мектепке дайындау жөніндегі негізіндегі міндеттер атап көрсетілген. 4 - 5жастағы балалардың бойында математика туралы қарапайым түсінік қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Әдістемелік құралға сандар, цифрлар, геометриялық фигуралар, логикалық тапсырмаларға байланысты қызықты ойындар мен жаттығулар жүйесі енгізілген. Әдістемелік құралдағы дамыту ойындары мен жаттығулар қазіргі әдіс – тәсілдерге сай алынған. Ондағы ұйымдастырылған оқу іс - әрекеттер жаңа әдіс – тәсілдермен өткізіледі, бұл баланың тыңдаушы болып қана қоймай, оқу іс - әрекетіне тікелей қатысып отыруына мүмкіндік береді. Балалар дидактикалық ойындар арқылы пайымдауға шығармашы - лық тұрғыдан ойлануға өз бетінше шешім қабылдап, қорытынды жасауға үйренеді.
Әдістемелік құралдардағы тапсырмалар оқу бағдарламасы бойынша мынадай топтарға бөлінеді:
• Сан және санау
• Көлем.
• Пішін.
• Уақытты бағдарлау.
• Кеңістікті бағдарлау.
«Сан және санау» көлемінде балалар 1 - ден 5 - ке дейінгі цифрлармен танысады, математикалық жұмбақтарды шешеді, сандар туралы тақпақтар жаттайды үйренеді. Цифрды заттың санымен сәйкестендіруге берілген тапсырмалар сан мен цифрдың байланысы туралы түсінік қалыптастыруға арналған. Балалар ертегілер, шағын әңгімелер арқылы реттік санаумен танысады. Ертегілермен шағын әңгімелер оқу үрдісін қызықты етуге көмектеседі және есте сақтауды жеңілдетеді, тақырыпқа деген қызығушылығын арттырады. Мұнда санның заттың көлеміне кеңістіктегі орналасқан орнына бағынбайтынын түсіндіруге арналған тапсырмалар да бар.
Балалар көп және екеуді салыстыру тапсырмаларын ойын арқылы меңгереді.
«Көлем» бөлімінде балаларға көзбен шамалау, қимыл – қозғалыс үйлесімдігін дамытуға арналған жаттығулар ұсынылып отыр. Балалар «үлкен» «кіші» «қысқа» «қысқарақ» сөздерін дұрыс қолдануды үйренеді.
Ал «Уақытты бағдарлау» бөлімінде балалар суреттер арқылы адамдардың іс - әрекеті мен тәулік бөліктері арасындағы байланысты анықтайды
(таңертең ұйқыдан тұрамыз, түнде ұйықтаймыз, күндіз ойнаймыз) Балаларды жыл мезгілдерімен таныстыруға бағытталған оқу іс - әрекеттерінде жұмбақтар, логикалық тапсырмалар қолданылады.
«Кеңістікті бағдарлау» бөлімінде балалар бұған дейін алған білімін ұштап қана қоймай, қағаз бетінде бағдарлауды үйренеді, оның жоғары және төменгі оң жақ бөлігі, ортасы деген ұғымдарды меңгереді.
«Пішін» бөлімінде балалар әр түрлі фигуралардың арасынан белгілі бір фигураны табуды, заттардың арасынан өздеріне таныс геометриялық фигураларды табуды үйренеді.
Математикалық алғашқы ұғымдарды қалыптастырудың мұндай бағдарламалық мазмұны, мектеп жасына дейінгі балалардың сан туралы түсінуіне мүмкіндік туғызып, математикалық ойлауын одан әрі жетілдіру.
4 – 5 жастағы баланың математикалық білімге қабілеті ерекше болады. Оның санауды үйренгісі, сандарды білгісі келеді, мысалдар мен есептерді шығаруға талпынады.
Бұл кезеңде баланың икемділігіне орай танымдық есептерді ұғына білу қабілетін одан әрі жетілдіре түсудің маңызы зор.
Баламен оқу іс - әрекетін өткізу алдында алдын – ала дидактикалық (көрнекілік) материалды даярлауды қажет етеді. Ол үшін әр түрлі ұсақ заттарды, ойыншықтарды, серуен кезінде жиналған табиғи материалды пайдалануға болады. Сонымен қатар суреттерді, жануарлар, құстар, жемістер, көкөністер, геометриялық пішіндер мен оларға ұқсас заттарды пайдалану керек.
Баланы санай білуге үйрету, есептей білу қабілетін жетілдіріп отыру аса жауапты міндет. Баланы ойын арқылы санай білуге үйретудің маңызы үлкен. Мектеп жасына дейінгі балалардың жан – жақты дамуы үшін логикалық ойындардың рөлі ерекше. Ойын – мектеп жасына дейінгі кезеңнен басталып адам мен өмір бойы ілесіп жүретін ерекше қызмет түрі.
Логикалық ойын – балалардың оқуға, еңбекке деген белсенділігін арттырудағы басты құрал. Логикалық ойындар баланың психикасында сапалы өзгерістер тудырады: бала зейінінің, жадының қалаптасуына, ойлау қабілетінің дамуына әсер етеді. Ойлау шығармашылық және таным әрекетінің негізі болып табылады.
Логикалық ойлау – адамның интеллектуалды қабілеттерінің негізін құрайды.
Дамытушы ойындар балалардың логикалық ойлау дағдыларын арттырады, кеңінен және жүйелі пайдаланудың маңызы ерекше.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама