Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 2 күн бұрын)
Анаға сыйлаймыз А.Бақтыгереева
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы,
Ақжігіт селосы, М. Бегенов атындағы орта мектептің
бастауыш сынып мұғалімі Мақсымбаева Рахия

Сабақтың тақырыбы: Анаға сыйлаймыз А. Бақтыгереева
Сабақтың мақсаты: «Анаға сыйлаймыз» өлеңін мазмұны мен мағынасына түсінік беру өлеңнің шумақтарын мәнерлеп, түсініп оқи білуге жаттықтыру, көркем тілде мазмұндай білуге үйрету
2). Оқушылардың есте сақтау, өз беттерімен ойлау, жүйелі мәнерлеп сөйлей білуге үйрету.
3) Жауапкершілікке, бірін - бірі сыйлауға тәрбиелеу.
Түрі: дәстүрлі сабақ.
Әдісі: мұғалімнің сөзі. Сұрақ жауап.
Көрнекілік:- суреттер, тест, автор суреті

Сабақтың барысы: Ι. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылардың зейінін сабаққа аудару
ΙΙ. Психологиялық дайындық.
Оқушылардың бір біріне сәттілік тілеуі

ΙΙΙ. Ой шақыру.
Бүгін нешесі?
Қазір қай сабақ? Ана тілі
Қай мезгіл? Көктем
Қай ай? - Наурыз
Көктемнің нешінші айы. Бірінші
Көктемнің қандай мезгілі екенін қандай белгілерінен білеміз? (жаңбыр жауады. Қар ериді, жұлғылардан су ақты, адамдар жеңіл киінеді.)
- Бүгінгі ауа - райына шолу.
- Наурыз айында қандай мерекелер тойланады?
- Көктем мерекесі, наурыз тойы, 8 наурыз.

ΙV Үй тапсырмасын тексеру.
- Сендерге үйге тапсырма «Бәйшешек», « Жауқазын»
Өлеңдерін жаттап келу болатын дайынбыз ба?

V Сергіту сәті (музыкамен)
VΙ Суретті картинамен жұмыс (слайдтар)
Суретте кімдер бейнеленген? Ана мен бала
Балалар анасына гүл сыйлап жатыр
Олай болса, біздер де аналарымызға гүл сыйлаймыз
Сабаққа жақсы қатынасып, дұрыс жауап беріңіздер
Мен сендерге гүл ұсынамын. Ал сендер аналарыңа сыйлаңдар

VΙΙ. Кіріспе сөз
Дүниеде санасыз адам болмайды. Мына отырған сендерде, менде, ғалымда, ақында ұшқышта, батырда барлық адам баласы анадан туған. анадан тәрбие алған дүниеге келген жас нәресте ең алғашқы сөзді анасынан үйренеді, ең алғаш әнді анасынан естиді.

VΙΙΙ. Жаңа сабақ
Балалар, бүгін біз сабағымызда А. Бақтыгерееваның «Анаға сыйлаймыз» өлеңімен танысамыз
А. Бақтыгереева кім? Қысқаша өмірбаянын баяндау.
Оқулықпен жұмыс.
Мұғалім мәнерлеп оқиды
Оқылған соң шығарманың жанрын табыңдар.
Бұл шығарма ертегі ме, әңгіме ме, тақпақ па айыра білу
Оқылған шығарма не
Тақпақ
Оны қалай білдіңдер
Мәнерлеп оқылды
Өлең не туралы айтылған
Көктем гүлдерін өсіру

ΙΧ Кітапппен жұмыс
Өлеңді мәнерлеп оқу
Өлеңде қай мезгіл туралы айтылған(көктем)
Әр шумақты жеке - жеке оқытып, айтылып тұрған ойды таптыру

Сергіту сәті. (музыка тыңдау ) « Кім аналарға әдемі сөздер айтады»
Дәптермен жұмыс
Көркем жазу
92 - жаттығу. Мәтінді оқып, көктем, ағаштар мал туралы айтылған сөйлемдерді көшіріп жазу.
2) Не? Нелер? Сұрақтарына жауап беретін сөздердің астын сызу.
Қар еріді. Күн жылынды. Көктем болды. Күн ұзарып, түн қысқарды. Ағаштар бүрші жарды. Мал көкке жайылатын болды.

Сабақты бекіту. (Ауызша тестік сұрақтар жауап беру)
Берілген тапсырмаларды тексеру.
Алфавитте неше әріп бар?
А) 10.
Ә) 42
Б) 53
2. Дауысты дыбыстар нешеу
А) 19
Ә) 14
Б) 15
3. «Бүлдіршін» сөзінде неше дыбыс бар?
А) 4
Ә) 6
Б) 3
4. Жіңішке айтылған сөзді табыңыз
А) ата
Ә) ана
Б) әже
5. Жуан айтылатын сөзді бап
А) әке
Ә) әже
Б) отан
6. Дүниеде не тәтті?
А) бал тәтті Ә) су тәтті
Б) ананың сүті тәтті
7. Дүниеде не жұмсақ?
А) ананың қолы жұмсақ
Ә) қар жұмсақ
Б) мамық жұмсақ

8. «Нұрмаке» қай мәтіннің кейіпкері?
А) төзім
Б) бөрік
б) оқымысты бала
9. Дұрыс сөзге бөлінген сөзді тап?
А) тер - ез – е
Ә) т - ере – зе
Б) те - ре – зе
10. Кім? сұрағына жауап беретіне сөз
А) мұғалім
Ә) көк
Б) үлкен

Қорытынды. Біз нені оқып, нені үйрендік?
(Әр баланың біліміне қарап бағалау)
Үйге: Өлеңді мәнерлеп оқып, «Ана» тақырыбына шығарма жазу.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама