Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Аналар мерекесі
«Аналар мерекесі»
Мерекелік іс - шара.
Түрі: отбасылар сайысы
Мұғалім: Халқымыз ғасырлар бойы аналарды қастерлеп келген. Сол дәстүр қазір де жалғасуда. Ұрпақ өсіріп жатқан аналарға қалайша риза болмасқа!
Жүргізуші: Біз ғана емес
Қадір тұтқан бабалар.
Аналардан туған небір даналар.
Ана деген тіршіліктің тірегі,
Армысыздар, қасиетті аналар!
Мұғалім: Құрметті аналар, біздің мектептің ұстаздары, қыздары! 8 - наурыз мерекесі құтты болсын! Аяулы аналарға, баршаңызға ұзақ ғұмыр, бақытты өмір, отбасыларыңызға амандық пен қуаныш тілеймін.
Ал, бүгінгі күні аналар мен балалардың өнерлерін көрсету үшін «Менің анам – алтын» атты сайысымызды өткізгелі отырмыз.
Жүргізуші: Бейнеме де қарайды,
Жейдеме де қарайды.
Әуелден - ақ ақылшым
Анам менің жарайды, - деп, сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер.
Музыка «Менің анам – алтын»
Мұғалім: Бүгінгі сайысымызға қатысқалы отырған сайыскерлерімізді ортаға шақырайық.
1 - сынып оқушысы
2 - сынып оқушысы
3 - сынып оқушысы
4 - сынып оқушысы
Келесі кезек әділ баға беретін қазылар алқасымен танысайық:
1. Ашық жарқын жүзді
Әділқазылар біздің.
2. Таңдап баға берерге
Шақырайық төрге.
Сайыста берілетін жоғарғы ұпай – 10, төменгі ұпай – 6.
Нөмір алу.
Даланың кең жұтып ауасымен
Танысайық бүгінгі кештің шарасымен.
Кешіміздің бағдарламасында:
1. Таныстыру.
2. Ас – адамның арқауы.
3. Сіз білесіз бе? (сұрақ - жауап)
4. Мәнерлеп оқу жарысы.
5. Көрініс.
6. «Бесік жырын» айту жарысы.
7. Қолөнер жарысы.
8. «Өнерліге өріс кең» өнер сайысы.
9. Сөз тапқанға қолқа жоқ.
10. Ана туралы ой - толғаныс.
Жүргізуші: Ана мен баланың арасы
Ана ән, бала оның қайырмасы.
Бір жүрсін еркелеген еліктердей,
Тәңірім осыларды айырмашы, - дей отырып, 1 - ші сайыстың бағаларын көрсету.
2 - сайыс.
Бармағынан бал тамған,
Татып көріп тамсанған.
Келесі сайыс түрі – «Ас – адамның арқауы».
2 - сайыстың бағаларын көрсету.
3 - сайыс.
«Ұяда не көрсе, ұшқанда соны ілерсің» дегендей, «Сіз білесіз бе?» атты сұрақ - жауап кезеңі.
3 - сайыстың бағаларын көрсету.
4 - сайыс.
Біреулер сынға түсер өнерімен,
Біреулер сынға түсер өлеңімен.
Не болса да айтады жүрегімен
Өлең нағыз өнер деп білемін мен, - деп, келесі сайысымыз мәнерлеп оқу жарысы.
4 - сайыстың бағаларын көрсету.
Жүргізуші: Құтты болсын, ардақты анам,
Асыл анам, мерекең.
Құтты болсын теңдік алған
Қуанышты мерекең.
Ортаға даярлық тобын шақырайық.
Жүргізуші: Аяладың, мәпеледің жасымнан,
Мен де табылушы ем қасыңнан.
Қуаныш қып менің өскен басымнан, - дей келе, ендігі кезекті «Ана мен бала» көрінісіне кезек берелік.
Музыкалық пауза. 6 - сынып оқушысы.
Жүргізуші: Шалқып тасып әніміз,
Жадырасын жанымыз.
Ана, сені құттықтап,
Әндетеміз бәріміз.
Мұғалім: Кешіміз өтіп жатыр салтанатты,
Төгілген күн нұрының шапағаты.
Халайық, қаттыра қол соғыңдар
Аналардың бүгінгі өнеріне.
5 - сайыстың бағаларын көрсету.
Мұғалім: Тербеліп тал бесікте ояу бала,
Әндетіп отыр ана баяу ғана.
Айналдым дауысыңнан іңгәлаған,
Айтайын әлдиімді, тыңда, балам.
Ендігі кезек «Бесік жыры» сайысы.
Музыкалық пауза. Ән.
Жүргізуші: Құлақтан кіріп бойды алар
Әсем ән мен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар,
Әнді сүйсең, менше сүй, - деп, ортаға 10 - сынып оқушысының әнін тамашалайық.
6 - сайысымыз «Бесік жырының» бағасы.
Жүргізуші: Бәйгеге түсіп жарыспай,
Жүйріктің бағы жанар ма?
Білім мен өнер жарысып,
Бәйгені алар ма? – дей отыра, келесі сайсымыз «Қолөнер» жарысы.
Би. 7 - сынып.
Жүргізуші: табылар білім болса бар асыл да,
Кезек келді қазылар бағасына.
7 - сайыстың бағаларын көрсету.
Жүргізуші: Өнерлі бала өрге жүзер дейді жұртым,
Өнерсіз болса бала тақыр дейді.
Кәне, жұртым көрелік өнерліні,
Қағып таңдай, тамсанып, десіп шіркін.
8 - сайыс «Өнелі өрге жүзер» сайсының бағаларын көрсету.
Мұғалім: Біліп айтқан сөзге құн жетпейді,
Тауып айтқан сөзге шын жетпейді, - дей отыра, келесі сайысымыз
«Сөз тапқанға қолқа жоқ».
Әділқазылар бағасы.
Жүргізуші: Таза мінсіз асыл тас су түбінде жатады,
Таза мінсіз асыл сөз ой түбінде жатады.
Су түбінде жатқан тас су толықса шығады,
Ой түбінде жатқан сөз шер толықса шығады.
10 - сайыс ойтолғау жарысының бағалары.
Грузин биі.
Марапаттау.

Қарағанды облысы, Шет ауданы
Х. Сәрінжіпұлы атындағы ЖОББМ
базасындағы тірек мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі
Мұқыжанова Әзипа Төкішқызы

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама