- 26 қыр. 2015 00:00
- 258
Анасының қызына 10 өсиеті
Тұрмысқа шығып бара жатқан қызына анасы 10 өсиет айтыпты. Осы өсиетті берік ұстасаң күйеуіңмен араларың суымайтын болады деген екен...
Қызым, саған қырық жылдық отбасылық өмірімдегі тәжірибелеріме сүйене отырып, осы насихаттарымды айтпақшымын. Егер айтқан сөздеріме құлақ салып, үнемі жадыңда сақтасаң бақытқа қол жеткізесің.
1-Қанағатшыл бол! Яғни жолдасың үйге алып келген азық-түлік, киім-кешек барлық нәрсені шын көңілмен қабыл ал! Оған рахмет айтып, алғысыңды білдір! Өйткені, қанағат – көңілді тыныштыққа, бақытқа қауыштырады.
2- Жолдасыңның сөздерін мұқият тыңда және оның күнә болмаған әмірлеріне мойынсұн!
3- Үйің және айналаң әрдайым таза, реттеулі және жинақы болсын!
4- Күйеуіңнің ұйықтайтын және тамақтанатын уақыттарына назар салуың керек. Төсегі мен тамағын уақытында дайындауың керек. Ұйқысыздық пен аштық адамды ашуландырады.
5-Күйеуіңнің мал-мүлкін және ақшасын қорға! Оның рұқсатынсыз және хабарынсыз жұмсама! Істеген істеріңді, жақсылықтарыңды міндетсінбе! Жақсылыққа жасалған жақсылық тез ұмытылады, ал жамандыққа жасалған жақсылық еш ұмытылмайды.
6-Күйеуіңнің туыстарымен жақсы қарым-қатынаста бол! Күйеуіңнің қателіктерін жалғыз кезінде өзіне жұмсақ тілмен айт!
7-Күйеуіңнің сырларын ешкімге айтпа! Ерлі-зайыптылардың арасындағы сырлары өздерімен бірге қабірге кетуі керек.
8-Күйеуіңнің қайғысы мен қуанышына ортақ бол! Оған барлық жағынан да жақсы өмірлік жар бол! Өтірік – отбасын іштен шірітетін құрт секілді.
9-Араларыңдағы мәселені өздерің шешіңдер! Оларды бізге және өзгелерге айтудан сақтан! Ешкімнің қолдауынан үміттенбе!
10- Күйеуіңнен алуға қиналатын немесе шамасы жетпейтін нәрсені алып беруін талап етпе!
11-Әйелінің жақсы мінезді болуы – еріне жәннат ниғметі. Сен жолдасыңа жәннат ниғметі бол! Оған азап шектірме!
Бұларды тек оның қалауларын және оның ризалығын алдыңғы қатарға қойғанда ғана орындай аласың. Үнемі алдыңғы қатарға өзіңді қойсаң, бұл насихаттың ешбірін орындай алмайсың.