Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Андалусиядағы азғындық

Христиан испандар Андалусия мемлекетін құлатқаннан кейін бұрын соңды болмаған жабайылықпен білім орталығы болған Андалусиядағы мұсылмандарды жойып жіберді. Кейін теңдесі жоқ өнер туындыларын қиратып, соның ішінде аса көрнекті мешітті де құлатты. Алдымен мұнаралардағы алтын және өзге асыл тастардан жасалған шатырларын, өрнектерін талан-таражға салды.

Ішкі төбесіндегі көркем оюланған тақтайларын бұзды. Еденіндегі әдемі мәрмәрларды сындырып, бөлшектеді. Олардың орнына кәдімгі тастарды тізіп шықты. Қабырғадағы бүкіл әдемі әшекейлерді сындырып жермен жексен етті. Тіреуіштерді (колоналарды) құлатпақ болды. Бірақ біреуін ғана құлата алды. Қалғандарын кәдімгі әкпен бояп шықты.

Соңында соңғы жабайылық ретінде 1523 жылы мешіттің ішінен бір шіркеу салуға шешім қабылдады. Ол үшін сол кезде Испания мен Германияның императоры 5-ші Чарлстан рұқсат алды. Бұл алған рұқсаттарымен шіркеу салу үшін тағы қаншама тіреуіштерді құлатты. Мешіттің ортасына крест күйінде 52х12 метр көлемінде көріксіз бір шіркеу салынды. Чарлстың өзі Қуртуба (Кардова) қаласына келгенінде сол салынған шіркеуді көріп, қатты ренжіп былай дейді: «Істеген істеріңнің жабайылық екенін көріп, сендерге рұқсат бергеніме қатты өкіндім. Әлемде ұқсасы табылмайтын бұл керемет туындыны мұндай жағдайға алып келетіндеріңді білгенімде сендерге рұқсат бермес едім және барлығыңды жазаландырар едім. Сендердің жасаған бұл ұсқынсыз шіркеулерің жай ғана бір ғимарат. Алайда енді бұл сәулетті мешіттің ұқсасын салу мүмкін емес».


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама