Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Аңқау әйел

Ертеде бір жігіт үйленеді. Өлмелі ауру анасы бар екен. Оны әйелі жақтырмайды. Өлсе екен деп тілейді. Күйеуіне:

— Анаң әбден бәле болды. Онан қалай құтыламыз? — дейді.

Жігіт анасын жақсы көреді екен, өлмесе игі еді деп тілейді.

Әйеліне:

— Онан құтылу оңай: күнде майға өкпе-бауыр қуырып бере бер, сонда ол өзі-ақ өледі, — дейді.

Әйелі аңқау екен. Күйеуінің айтқанын істейді. Кемпір ауруынан айығып кетеді.


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама