- 06 қар. 2019 00:00
- 232
Өмір палуанның жауабы
Алтай бойын мекен еткен Қаратай елінде өткен ғасырда Өмір деген батыр болыпты. Ел ішінде болып тұратын дау-жанжал қақтығыстарда сөз бермеген Өмірге ауыл арасындағы ойын-тойда құрбы-құрдастарының ешқайсысы да қарсы келіп, күш сынаса алмайды екен. Замандастары Өмірді әзіл-қалжың сөзбен жықпақ болып ақылдасыпты да, бір күні жұрт жиналып отырғанда, есіктен кіріп келе жатқан Өмірдің етегінен бір қу жігіт «арс» етіп ала түсіпті. Қаперсіз келе жатқан Өмір қапелімде оны ит екен деп ойлап, селк ете түседі. Сонда отырған жігіттер ду күліп:
— Сені жұрт батыр деседі, анық қоян жүректің өзі екенсің ғой, «ауп» дегенде селк етіп, құлап қала жаздадың, — депті.
Сонда Өмір:
— Сендер қызықсыңдар, жақсы ат үрікпей ме екен? — деп жұртты кідіртіп тастапты.