Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 20 минут бұрын)
Әнші Гүлнар Сиқымбаеваның жалғыз ұлы жоғалып кетті

Белгілі әнші, Қазақстанның Еңбек сіңірген әртісі Гүлнар Сиқымбаеваның жалғыз ұлы Баир Сиқымбаев бір аптадан бері хабарсыз кетті. Бұл туралы журналист Жазира Бегалы әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.

Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Журналисттің айтуынша, Баир Сиқымбаевтың әйелі көмек сұрап, оның суретін таратып, көпшіліктен хабар алуға шақырған. Ол дауысы ерекше, көрікті әрі талантты жігіт екені айтылады.

Жазира Бегалы оқырмандарын жұмылып іздеуге үндеп, Баирдың аман-есен үйіне оралуын тіледі. Әншінің өзінің фейсбуктегі парақшасына жиі пікір жазып отыратыны, ал оның туған күні наурыздың 27-сінде тойланғаны да айтылған.

Жаңалықтар

Жарнама