- 20 жел. 2021 00:00
- 273
Ақ тұңғиық
Ақ тұңғиық — көпжылдық су өсімдігі. Тамыр-сабағы су астындағы топыраққа төселіп, дөңгелек, жүрек тәрізді жапырақтары су бетіне жайылып өседі. Гүлі кешке жабылып, күн шыққанда ашылады. Тұқымы ауа толған жеміс қабында тұрады. Онда көзге көрінбейтін саңылаулар бар. Сол арқылы ауа сыртқа тарап, желдің әсерінен тұқым су түбіне түседі. Ал келесі жылы жаңа өсімдік өсіп шығады. Тамыры мен тұқымын су құстары, ондатр, кәмшат, жұпартышқан қорек етеді. Ақ тұңғиықты бау-бақша, саябақтарды көгалдандыру үшін де өсіреді. Егер су температурасы құрлықтағыдан төмен болса, олар өзен бойындағы құрғақ жерлерде де өсе береді. Ақ тұңғиық — сирек кездесетін, Қазақстанның «Қызыл кітабына» енген өсімдік.
Мысырда ежелден ақ тұңғиық гүліне табынған. Себебі оның әр гүлінен күн сайын күн Құдайы — Ра туады деп сенген.