- 20 жел. 2021 00:00
- 244
Қамыс
Қамыс — қияқ тұқымдасына жататын ең көп тараған өсімдік. Суда, ылғалды жерлерде өседі. Негізінен, 250-ден астам түрі белгілі, ал Қазақстанда оның 14 түрі бар. Ең жиі кездесетіні — көл қамысы немесе қоға. Оның биіктігі — 2,5 м-дей. Төсемелі тамыры тереңге жайылып өседі. Өсімдік өзіне қажетті оттегін сабағында сақтайды да, «үнемдеп» пайдаланады. Осы қасиетіне байланысты қамыстың тамыры қандай тереңге кетсе де, тіршілігін жоймайды. Ол басқа да өсімдіктермен бірге ағын суды биологиялық жолмен тазартады.
Қамыстың сабағынан түрлі тоқыма бұйымдарын, жылу ұстағыш құрылыс материалдарын дайындайды. Кейбір тропиктік елдерде өздері тұратын баспана және жүзіп жүретін «аралдар» тоқиды. Осы «аралдарға» тіпті картоп егеді. Дәрілік өсімдік санап, тамырын тағам ретінде де пайдаланады.