dalanews.kz
- 24 мам. 2026 00:00
- 16
"Ақбаянның 5 баласын баға алмаймыз": Марқұмдардың туысы пікір білдірді
Атырау облысындағы қайғылы оқиғадан кейін жетім қалған бес баланың тағдыры жұртшылықты алаңдатуда. Қарабалиндер әулетінің туысы Фаризат Кенжеғалиева бұл жағдайдың өте күрделі екенін, балаларды қазіргі таңда ешкімнің баға алмайтынын айтты.
Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Балаларды қабылдау қиын
Фаризат Кенжеғалиеваның айтуынша, қазіргі уақытта әр отбасының өз тіршілігі, өз жауапкершілігі бар. Сондықтан басқа біреудің баласын асырап алу, бағу оңай шаруа емес. Ол Kursiv Media тілшісіне берген сұқбатында бұл туралы былай деп жеткізді:
«Қазір біреудің баласын біреу бақпайды. Өз балаларың өз үйіңе сыймайды. Бәрінде бала бар. Өз ойым – егер Ақбаян сау болса, көмектесер едік. Енді бір отбасыны қырып салып... Ақбаян анандай боп жатқан жерде... Мен өзім оның баласын бағамын деп айта алмаймын. Кім болса да, сөйтеді... Балалардың кінәсі жоқ... Ол осындай әрекетке барардың алдында ойлануы керек еді. Ақылмен шешу керек, ал ол ашумен шешті», – деді Фаризат Кенжеғалиева.
Қайғылы оқиға
Бұған дейін Атырау облысында Ақбаян есімді әйел өз отбасын асыраудан шаршап, бес баласын өлтіріп, өзіне қол салмақ болған оқиға туралы хабарланған еді. Бұл жантүршігерлік жаңалық қоғамда үлкен резонанс тудырды.
-
Президент Казахстана Касым-Жомарт Токаев направил телеграмму соболезнования председателю КНР Си Цзиньпину и всему китайскому народу.