Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Ақын шығармаларының басылымдары
Ақын шығармаларының басылымдары. Сабақтың жалпы мақсаты: ақын мұрасының XX ғасырдың алғашқы ширегінде жинақталуы, жариялануы және оған ықпал еткен адамдар, Кәкітай Ысқақұлының Абай шығармаларының ең алғашқы жинағын шығарудағы еңбегі туралы мағлұмат беру.

Ақын шығармаларының басылымдары

1924 жылдан бастап Абайдың өмірбаянын жазушыларға және барлық толық жинағын құрастыруға Көкбай барынша зор көмек еткен еді. Абайдан қалған мұраның қазақ оқушыларына толық жинақ боп құралып шығуына анық еңбек сіңірген кісінің бірі – Көкбай. 1909 жылы Кәкітай бастырып шығарған жинақ Абай еңбектерінің жарым көлеміндей ғана еді. Көкбай қолжазбада сақталған шығармалар ғана емес, өзінің жадында жүрген, біржола жоғалып кетуге мүмкін болған Абайдың өлеңдері мен кейбір шумақтар, жолдарды хатқа түсіртіп, ұлы ақынның өзге мұраларының қатарына қосты.
Онан соң Абайдың өмірбаянын толық етіп жазуда да Көкбай айтып берген материалдар аса көп еді. Олар құнды деректер болатын. Тек Көкбайдың Абай тұсында айтқан естелігі толық жазылмады. Бірақ 1933 ж. біз құрастырып алғашқы толық өмірбаянының көп фактылары Көкбайдың аузынан алынған.
Абайдың көп өлеңдеріне кейінгі толық жинақтарда беріліп жүрген қосымша түсінік, деректердің көптен - көбі және де сол Көкбайдың айтуынан алынған - ды...
Одан қалған жазбалардың саны өте аз ғана. Жас кезінде, Абай уақытында айтып, жазып жүрген өлеңдерін өзі көп ұқыппен жинамаған. Бірақ ол кезде Абай айналасындағы бар ақынның ішіңде суырып салма, импровизацияға ең жүйрік ақын Көкбай болғаны даусыз. Сол талантын бағалап, Абай бұны өзі жазып жүрген алғашқы өлеңдеріне ие ғып шығарады.
Көп өлеңдерін өзі жазып, Көкбай атынан таратады. Омбыдағы «Дала уәлаяты газетінде» басылған бірен - саран өлеңі де Көкбайдың атынан басылған. Абай бір өлеңінде:
«Сорлы Көкбай жылайды,
Жылайды да жырлайды...» -
дейтін жолдарда, анығында Көкбайды айтпай, өзін айтып отырған болады. Тек бертін келіп, «Жаз» өлеңін жазған соң ғана Абай барлық өзі шығарған өлеңдерін өз атына ауыстырып алады. Көкбай Абайдан кейін 20 жылдан аса өмір сүріп, сол соңғы дәуірінде көп шығармалар жазады. Әсіресе баспаға шығып, бар оқушысына мәлім болған мұндай еңбектері зерттеушілер қолына түспегендіктен, Көкбайды бұл күнге шейін сыңаржақ түрде атап, танып келгеніміз бар - ды. Ал соңғы жылдарда Семей қаласындағы Абай атындағы музейдің зерттеушілері жинаған қолжазабаларға қарағанда біз Көкбайдың анық Абай мектебінің ақыны деген атақты ақтай алатын едәуір мол, елеулі шығармалары бар екенін көріп, біліп отырмыз. Тегінде, Көкбайдың анық айтқыш, талантты ақын екенін Абай өзі де өз шығармаларында бірнеше рет атап бағалап, аңғартып кеткен - ді. Ұстаз ақын Абайдың шығармаларына аты кірген шәкірт ақынның өзі де жалғыз ғана Көкбай болатын...

Ақын шығармаларының басылымдары. жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама