Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Ақпараттық - коммуникациялық технологияларды пайдаланудың тиімділігі
Ақпараттық - коммуникациялық технологияларды пайдаланудың тиімділігі

ХХI ғасырдағы бiлiм беру жүйесіне жаңаша ақпараттық технологияларды ендірудегі басты ұстаным – сапалы түрде iске кiрiсiп, тиiмдi әрекеттену, құндылықтарды тұтынып, нәтижелi табысқа жету. Бұл қағиданы ұстанып, оң әрекетке бағытталған тұлға сөзсiз табысқа жетедi, көздеген мақсаты орындалады. Дәлiрек айтқанда, бұл – нәтижеге ие болудың кiлтi. Ал бiлiмдендiрудiң арнасын кеңейткен интернетке қосылу, педагогтердің кәсiби мамандығын жетiлдiру, ақпараттық тасқын, дамудағы жылдамдығына көз iлеспейтiн бүгiнгi шапшаңдық, бiлiм жүйесiндегi жаңалықтар мен өзгерiстердi игеру осыған дейiнгi қолданылып келген әдiс - тәсiл, амалдарға бой бермей отыр. Олай болса, оқу - тәрбие үдерісінде болашақ мамандарды даярлауда ақпараттық технологиялар жүйесін пайдалану кәсіби міндеттердің біріне жатады.

Қазіргі білім беру саласында көптеген өзгерістер енгізіліп, жаңалықтар ашылыпжатыр десек, қателеспес едік. Әсіресе, жаңа инновациялық технологиялар көптеп енгізілуде. Солардың бірі – АКТ ақпараттық - коммуникациялық технологиялар.
Технологияның мақсаты – мұғалімдердің білімін компьютерлік интеграциялау, қашықтықтан оқытуды қамтамасыз ету болып табылады. Заман ағымына қарай күнделікті сабаққа бейне, аудио қондырғылары мен теледидарды, компьютерді қолдану айтарлықтай нәтижелер беруде. Кез келген cабақта электрондық оқулықты пайдалану оқушылардың танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай, логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға, шығармашылықпен еңбек етуіне жағдай жасайды. Дәстүрлі оқулықты оның электрондық нұсқасына оңай айналдыруға болады. Бұл нұсқаның жетістігі – оны компьютер жадында сақтау мүмкіндігі, оның компьютерлік желілер арқылы таратылуы болып табылады.

Жалпы білім берудің мақсаты – терең білімнің, кәсіби дағдылары негізінде еркін бағдарлай білуге, өзін - өзі дамытуға, адамгершілік тұрғысынан жауапты шешімдерді қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру. Яғни жеке тұлғаны қалыптастыруға негізделген, ақпараттық - коммуникациялық технологияларды терең меңгерген, жылдам өзгеріп жататын бүгінгі заманға лайықты, жаңашыл тұлғаны қалыптастыру.
Білім беру жүйесіне оқытудың жаңа технологияларын енгізу және ақпараттық технологиямен қамтамасыз етуді жақсарту, студенттің ақпараттық мәдениетін қалыптастыру міндеттері бір - бірімен өзара тығыз байланысты, яғни оқу үдерісін қазіргі заманғы технологиялар мен оқытудың техникалық құралдарын енгізуді талап етеді.
Ақпараттық - коммуникациялық технологияны пайдалану жөніндегі қызметтің мақсаты:
үйренушінің шығармашылық әлеуетін дамыту; коммуникативтік әрекеттерге қабілетті болуды дамыту; сараптамалық зерттеу қызметі дағдыларын дамыту; оқу қызметі мәдениетін дамыту; оқу - тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерін қарқындандыру, оның тиімділігі мен сапасын арттыру; қазіргі қоғамның ақпараттануымен байланысты пайда болатын әлеуметтік тапсырысты жүзеге асыру.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама