Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Ақсақ Темір (ІІ нұсқа)

Түркі тұқымдас Барлас руынан шыққан Шахрисябз биі Тарағай түс көреді, түсінде биік таудың басында тұр екен. Түн тастай қараңғы. Тарағай бидің қолында болат қылыш бар. Қолындағы қылышынан сол шақта найзағай оттары жарқылдай дүние жүзі жап-жарық бола қалады. Тарағай би оянып кетеді. Бірақ сол түні оған ақ киімді, ақ сәлделі, ақ атты адам аян береді: «Тарағай би, қазір әйелің Тәккине бір ұл туады. Ол әлемді билейтін жаһангер болады», — депті. Ол Қызыр ғали әссалам әулие екен. Бұл жору ертеңіне Қазаған ханға да жетеді. ол болашақ жаһангер Әмірдің тууынан сескеніпті, нөкерлеріне бұйрық беріп, бидің жоқ кезінде толғатып жатқан әйелдің қарнын іштегі бала өлі түсуі үшін ауыр таспен үйкелетеді. Әйткенмен бала мұнымен өлмейді, мезгілі жеткенде туады. Бірақ тастың салмағымен ана қарнынан бір аяғы солып түседі.

 


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама