- 27 қар. 2019 00:00
- 224
Ақсақ Темір мен домбырашы
Атақты Ақсақ Темір бір ауылға келгенде, сол жердегі домбырашылар түгел жиналыпты. Домбырашылар түрлі күйді шертіп, тәтті әуендерді төгілдіре тартса керек. Солардың бәрін таратып жіберіп, тартқан күйлеріне өте риза болып, Ақсақ Темір бір күйшіні алып қалыпты. Ақсақ Темір күйшіден:
— Сенің атың кім? — деп сұрапты.
— Менің атым Дәулет! — депті күйші. Ақсақ Темір:
— Шіркін-ай, Дәулет те соқыр бола ма екен? — десе керек.
Сонда Дәулет жұлып алғандай:
— Тақсыр-ау, Дәулет соқыр болмаса, Ақсақтың үйіне барар ма еді! — депті.