Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 21 сағат бұрын)
Жалғыз жігіт (ІІІ нұсқа)

Ертеректе бір кедейдің баласы болыпты, сол кедей жігіт әкесімен бірге байдың малын бағып, жалшысы болады. Байдың да, кедейдің де жалғыз-жалғыздан ғана ұлдары болса керек. Ақ патшаның әскеріне қызмет ету үшін, бай өз баласының орнына кедейдің баласын әскерге жіберетін болып кедейге айтқаны:

— Сенің балаң менің баламның орнына барып келсін. Балаң келгенше менің қорамның шетінде отырып малымды бағып, отынымды жарып, бірді-жарым сауынды сиырымды сауып, ескі-құсқымды киіп жаныңды бағып отыра бер. Балам аман-есен оралып келіп жатса, мен саған берген дүниелерімді сұрамаймын, — депті. Амалсыз кедейдің баласы байдың баласының орнына кете барады. Сондағы жігіттің әке-шешесімен, қарындасымен қоштасқан күйі.

 


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама