Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 2 сағат бұрын)
АҚШ-та 170-тен астам жолаушысы бар ұшақ өртенді

American Airlines әуе компаниясының ұшағы қозғалтқыштағы ақау салдарынан өртеніп, шұғыл түрде әуежайға қонуға мәжбүр болды. Әуе кемесінде 172 жолаушы мен 6 экипаж мүшесі болған.

Желіде тараған видеолардан жолаушылардың үрлемелі сырғанақ және баспалдақ арқылы эвакуацияланғанын көруге болады. Кейбір жолаушылар қауіптен қашып, ұшақтың қанатына шығып алған.

Ресми мәліметке сәйкес, 12 адам жеңіл жарақат алып, ауруханаға жеткізілген. Олардың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.

Төтенше жағдай ұшақ ұшу-қону жолағымен қозғалып келе жатқанда орын алған. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, қозғалтқыштағы ақау өрттің шығуына себеп болған. Қазір оқиға бойынша тергеу басталды.

Америкалық авиация билігі бұл жағдайға қатысты қандай шаралар қабылдайтыны белгісіз, бірақ әуе компаниясының қауіпсіздік хаттамалары мен техникалық қызмет көрсету ережелері қайта қаралуы мүмкін.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама