Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 6 сағат бұрын)
Қазақстанда декреттік төлемдерді есептеу жүйесі өзгереді

Қазақстанда декреттік төлемдерге қатысты жаңа өзгерістер енгізіледі. Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының өкілдері бұл өзгерістер төлемдерді әділ және тұрақты етуге бағытталғанын мәлімдеді. Жаңа жүйе бойынша енді жоғары табыс табатын әйелдер бұрынғыдай үлкен көлемде төлем ала алмайды.

Бұрынғы жүйе қалай жұмыс істеді?

Бұған дейін декреттік төлемдерді есептеу кезінде азаматтардың соңғы 12 айдағы табысы ескерілетін. Кейбір азаматтар жеке кәсіпкер ретінде тіркеліп, жоғары кіріс көрсетіп, көп салық төлегендей көріну арқылы жәрдемақыны көбейте алатын. Осылайша, кейбір әйелдер ай сайын миллиондап табыс көрсетіп, декретке шыққанда 2,5 миллион теңгеге дейін жәрдемақы алған.

Жаңа жүйеде не өзгереді?

  • Декреттік төлемнің ең жоғары мөлшері белгіленеді – 238 мың теңге.
  • Жұмыс істейтін азаматтардың табысына қарамастан, төлем осы шектен аспайды.
  • Бірнеше жерде жұмыс істейтіндер үшін төлемдер біріктірілмейді.
  • Жүктілікке қатысты төлемдерге де шектеулер қойылады.

Бұл өзгерістер әсіресе жоғары табыс табатын азаматтарға әсер етпек. Енді олардың төлейтін салығының мөлшері артқанымен, декреттік төлемдер шектелген деңгейде қалады.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама