Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Ақшаны депозитте сақтаудың 5 артықшылығы

Ауқатты адамды көз алдыңызға елестеткеніңізде, ойыңызға қандай адам келеді?

Мүмкін үстіндегі киімінің құны мың доллардан кем болмаған, бірнеше люкс көлігімен қоса қалаңыздың ең қымбат бөлігінде үш-төрт пәтері бар адамның бейнесі келетін шығар?

Алайда жақынан қарағанда, жоғарыдағы сурет мүлдем басқа болуы да мүмкін.

Томас Дж. Стэнли есімді америкалық оқытушы «Адамдар қалай бай болады?» деген сұраққа жауап беру мақсатында Американың батысы мен шығысы аралап, қалалардың қымбат аудандарында тұратын «кәдімгі миллионерлермен» кездесіп шыққан. Аталмыш саяхаты барысында қымбат үйлерде тұратын және өте қымбат көліктерге ие адамдар көп жағдайда байлар қатарына жатпайтынын, ал байлардың ішінде қымбат үйлерге қарағанда, арзанырақ пәтерлерді таңдағандар да кездесетінін анықтаған.

«Менің көршім – миллионер» атты бестселлердің авторы Томас Дж. Стэнли

Бұл жәйт оның байлық туралы көзқарасын өзгертті. Университетте ұстаз болған Томас Стэнли жұмысынан кетіп, жазушылыққа бет бұрады. Нәтижесінде ол «Менің көршім – миллионер» атты бестселлерді жазып шығып, аты әлемге танылған жазушы атанады. Кітабында Томас Стэнли бай адамдардың, ең алдымен, өз жеке капиталын бірнеше есе өсіре алатындықтарына тоқталады. Айына 3 мың доллар табатын және ай сайын тура сол 3 мың долларды жұмсайтын адамның қаражаты жинақталмайтындықтан, оны бай адам қатарына жатқызуға болмайтынын қадап айтады.

Бай адам шығындарын азайтып, кірісін арттыруға тырысса, кедейлер керісінше қолдарына қаражат түсісімен, шығыстарын арттыруға тырысып бағады.

Сонымен, бай болудың қандай жолдары бар? Тым болмаса бірінші қадамын қалай жасауға болады? Бұл үшін кәсіпкер болудың немесе биржада ойнаудың еш қажеті жоқ екенін де атап өткен дұрыс болар.

Байлық көлемін арттырудың ең қарапайым жолдың бірі ақшаны депозитке салу болып табылады. Бұл тәсілдің негізгі тиімді тұстарына тоқтала кетейік:

1) Сенімділік

Депозит инвестицияның ең қауіпсіз түрі болып табылады. Салымшы белгілі бір уақыт аралығында банктен салымының үстінен түскен пайызды алу мүмкіндігіне ие болады. Мысалы, Талғат 2017 жылғы 1 қаңтарда жылына 1 000 000 теңге сомасына 13,5% мөлшерлемесі қарастырылған депозит ашты. Тура бір жылдан кейін, яғни 2018 жылғы 1 қаңтарда Талғат депозиттен 1 135 000 теңгеге дейінгі соманы ала алады (сыйақы – 135 000).

Адамдардың басым бөлігі қолымдағы барымнан айырылып қаламын деп, өз қаржыларын депозитке салудан қорқады. Бұл жағдайда қорқудың еш қажеті жоқ, себебі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі тарапынан берілетін клиенттердің – жеке тұлғалардың депозиттерін қабылдауға, олардың шоттарын ашуға және жүргізуге арналған лицензиясы бар банктердің барлығы «Қазақстандық депозиттерге кепілдік беру қорының» (ҚДКҚ) салымдарды кепілдендіру жүйесіне міндетті түрде қатысады.

ҚДКҚ банк мәжбүрлеп таратылған жағдайда, мұндай банктің клиенттеріне олардың салымдарына тең соманың кері қайтарады.

ҚДКҚ ұлттық валютадағы салымдар үшін 10 000 000 теңгеге дейін, ал шетел валютасы үшін 5 000 000 теңге сомасын қайтаруға кепілдік береді.

2) Инфляцияға төтеп беру

Бәрімізді түрлі тауарлардың құнының әрдайым өсуі таң қалдырып қана қоймай, наразылық білдіруімізге де әкеліп жатады. Мұның негізінде ақшаның құнсыздануы, яғни инфляция жатыр. Өткен жылы 5 000 теңге тұрған зат биыл 5 350 теңге (+7% инфляция (мысал) тұруы мүмкін.

Осы ретте ақшаны үйде емес, банктегі депозитте ұстаудың қаншалықты тиімді екендігін көру қиын емес. Депозитте жатқан қаржыңыз үстеме пайызбен кепілдендіріледі. Егер инфляция 3,5%-ды құраса, ал тиімді мөлшерлеме 13,5%-ды болса, Сіздің қаражатыңыз инфляцияға қарамастан, біршама өскен болып есептеледі.

Ал үйде жатқан қаржыңыздың құны инфляциямен бірге құнсыздана берері сөзсіз.

3) Қаражатты жинақтауға ынталандыру

Осыған дейін атап өткеніміздей, ауқатты адамдар өз жинақтарын арттыруға мүдделі болып келеді. Алайда бүгінгі күні керексіз бір затқа ақшаңызды жұмсау қаупі әлдеқайда жиі кездесетіні де белгілі.

Осы орайда келесі бір мысалды келтіре кетейік. Күн сайын жұмысқа барар жолда құны 700 теңге тұратын кофе алсаңыз, ай соңында 23 жұмыс күні ішінде 16 100  теңге жұмсағаныңызды көруге болады.

Тек кофеге жылына 193 мың теңге жұмсайтын біздер күн сайын ақшамыздың белгілі бір бөлігі кететін ұсақ-түйектерді есептеп көрейік. Ал енді «Неліктен мен бай емеспін?» деген сұраққа жауап беріп көріңіз. Ай сайын шоколадқа ғана 10 000 теңгеге дейін жұмсасаңыз, байлықтың ауылы алыс екенін өзіңіз де байқайсыз.

Ай сайын депозитке салым салу арқылы өзіңізді керексіз заттар алудан ғана қорғап қоймай, сондай-ақ үстеме пайыз түріндегі қаржылай өтем алатыныңызды да ұмытпаңыз.

4) Форс-мажор жағдайлардан қорғау

Өмірде орын алып тұратын күтпеген жағдайлардан ешкім өзін толыққанды қорғай алмайтыны белгілі, себебі тонаушылық, өрт пен кездейсоқ жоғалтулар әркімнің басына келуі мүмкін. Аталған жағдайлардың әрқайсысында маңдай термен келген қаржыдан айрылу қаупі тұрғаны белгілі.

Ірі қаржы сомаларын үйде ұстай отырып, инфляция қаупі ғана емес, сонымен бірге ұры түсу қаупі де бар екендігін естен шығармаған абзал. Сондай-ақ банкте жатқан қаржыңызды Сізден басқа ешкімнің шеше алмайтынын да ұмытпаңыз.

5) Бірегей жағдайлар

Бүгінгі күні банктер салымшыларына депозиттер бойынша түрлі жағдай жасау саясатын ұстануда. Депозитті ұзақ мерзімді салымда (жоғары пайыздық мөлшерлеме, ұзақ мерзімді салым, күнделікті капиталдандыру) ұстауыңызға болады, ал талап етілгенге дейінгі депозитті аша отырып, қаражатыңызды ішінара шешіп алу мүмкіндігіне (ақшаңызды шешіп алу комиссиясы жоқ, салым мерзімінің тиімділігі, алғашқы жарна мөлшерінің аздығы, шексіз салым салу мүмкіндігі) ие бола аласыз.

Банктер сонымен бірге өз салымшыларына түрлі бонустар да ұсынуда. Мысалы, Банк Хоум Кредит салым мерзімінің соңында бонус ұсынады. Егер салымшы 6 айға «Бай бол» депозитіне 250 000 теңгеден басталатын сомаға салым ашып, интернет-банкингке қосылса және салым мерзімі барысында шотында 250 000 теңгеден кем емес мөлшерде қаржы жатса, Банк салымшы шотына белгілі бір сомадағы ақшалай бонус аударады.

Ал депозиттердің түрлері, олардың ерекшелігі және бірегейліктерімен келесі материалымызда таныса аласыздар. Әріптесіміздің, яғни Банк Хоум Кредит ұсынған қаржы сауаттылығына қатысты құнды мәліметтерді жіберіп алмаңыздар.

Гифтер: giphy.com


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама