Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 13 сағат бұрын)
Ақшаның шығуы және атқаратын қызметтері
Ашық сабақтың әдістемелік өңдеуі
Тақырыбы: Ақшаның шығуы және атқаратын қызметтері
Пәні: Нарықтық экономика
Сабақтың тақырыбы: Ақшаның шығуы және атқаратын қызметтері
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Білім алушыларға ақшаның мәні, шығу тарихы, негізгі қасиеттері мен қызметтері және оның ел экономикасында алатын орны туралы кең көлемде білім беру.
Тәрбиелік: Студенттерді жылдамдыққа, өз ойын жеткізе білуге, жан - жақты болуға, пәнге деген қызығушылығын арттыру, өз бетімен жұмыс істеуге тәрбиелеу
Дамытушылық: Студенттердің ойлау қаблеті мен дағдысын дамыту: тақырыпқа байланысты өз бетімен іздену арқылы логикалық ойлау қаблетін дамыту.
Сабақтың типі: Жаңа материалды игерту сабағы.
Сабақтың әдісі: Салыстыру, түсіндірмелі баяндау, сұрақ - жауап, пікір алмасу, ауызша, жазбаша әдіс.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Техникалық оқыту құралдары және көрнекіліктер: Презентациялар, мультимедиалық проект, компьютер, тест сұрақтары, карточкалар, сөз жұмбақтар, электронды оқулық, баспасөз материалдары
Пәнаралық байланыс: Экономика негіздері, Өндірістік экономика, Микроэкономика.

САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ
1. Ұйымдастыру кезеңі: Студенттермен амандасу, студенттерді тексеру,
Аудиторияның тазалығын бақылау. Студенттердің ынтасын сабаққа аудару.
Сабақтың мақсатымен таныстыру.
2. Үй тапсырмасын бекіту: Миға шабул. Студенттер үйге берген тапсырманы презентация арқылы қорғау
1. Экономикалық теория дегеніміз не?
2. Сұранысты қалай түсінесің?
3. Экономикалық теория нешеге бөлінеді және қандай?
4. Экономикалық жүйе
5. Экономикалық теорияның атқаратын қызметтері

3. Жаңа тақырып:
Ақша ежелгі заманда пайда болды. Олар тауар өндірісінің дамуындағы бірден - бір шарт және өнім болып табылады. Тауар – бұл сату немесе айырбастау үшін жасалынған еңбек өнімі. Адам еңбегінің өнімі (зат), оны өндірушілердің қоғамдық қатынастарын тудыра отырып тауар нысанын қабылдайды. Заттардың тауарға айналуы ақшаның пайда болуындағы объективті алғышарттарды құрайды. Бірақ кез - келген зат тауар бола алмайды. Егер тұтыну құны өз сатып алушысын таппаса немесе қоғам тарапынан мойындалмаса, онда оны дайындауға кеткен уақыттың рәсуа болғаны; мұндай бұйым тауарлық нысанға ие емес, өйткені оның қоғамға қажеті шамалы. Сондықтан да әрбір тауар қажетті тұтыну құнын алу құралы бола отырып, өзінің өндірушісіне қатынасы бойынша айырбас құны ретінде көрінеді. «Айырбас құны – тауарлардың өзінен бөлініп шыққан және олармен бірге өздігінен өмір сүретін тауар, ол - ақша». Осы заманғы адамның өмір сүруі мен әрекет етуінің ажырамас құралдарының бірі – ақша. Ауа мен су қаншалықты қажет болса, ақша да адамға соншалықты қажет.

Атырау қаласы,
Атырау мұнай және газ технологиялық колледжі
Арнаулы пән оқытушысы
Кушербаева Самалгуль Акилбаевна

Ақшаның шығуы және атқаратын қызметтері. жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама