- 05 нау. 2024 03:27
- 155
Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар спорттық сайыс
«Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» спорттық сайыс
Мақсаты: Салауатты өмір салтын қалыптастыру, спортқа деген сүйіспеншілігін арттыру.
Түрі: Эстафеталық ойын
Өтілетін орны: Спорт залы
Көрнекілігі: түрлі - түсті шарлар, доптар, кедергілер, жалаушалар, ысқырық, кругтар, кенгуру добы.
Барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Құрметті әріптестер бүгінгі «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» спорттық сайысына қош келдіңіздер
Көңілді жарысқа «Қыран» тобы мен «Жүйріктілер»тобы және «Сұңқар» мен «Тұлпар» топтары жарысқа қатысады.
Алдымен жарысымызды бастамас бұрын, денемізді жаттығулармен шынықтырып алайық.
Жүргізуші:
Шынықсаң шымыр боласың,
Сауығып айдай толасың.
Спортты серік ете біл,
Жақсы азамат боласың.
Жеңімпаз болу оңай ма,
Арман болған талайға?
Болмасаң да ұқсап бақ,
Жарысқа түсіп қалайда.
Жүргізуші:
Ал, құрметті халайық!
Жарысты енді көріңдер
Әділ қазы алқасы
Әділ баға беріңдер!
Сайысты бастамас бұрын, сайысымызға әділ баға беретін әділқазылар алқасымен таныстырайық.
1. Балабақша директоры: Абулгартаева С. Т
2. Балабақша әдіскері: Ақжігітова Ұ. М
Спорттық сайысымыз 5 балдық жүйемен бағаланады.
Сайыстың бағдарламасы 6 кезеңнен тұрады
1. «Эстафета» жарысы
2. Мақал сөздің мәйегі. Мақалды жалғастыру
3. «Кім күшті» жарысы
4.«Кім жаңылыспайды» Жаңылтпашты айту.
5.«Кенгуру»жарысы
6.«Пингвин» жарысы
Құрметті сайыскерлер! Сіздерге сәт сапар!
Сайысымызды бастаймыз.
Жүргізуші:
І кезең: «Эстафета» сайысы
Шарты: Әр топ қатысушылары жалаушаны алып мәреге дейін жүгіріп барып өз орынына келіп, келесі қатысушының қолынан ұстап, мәреге дейін жүгіріп барады. Әрі қарай ойын осылай жалғасады. Қай топ бірінші келсе, сол топ жеңіске жетеді.
Жүргізуші:
ІІ кезең: Бір қатысушы мәредегі берілген тапсырманы кеглилер арасымен жүгіріп барып, кері қайту. Берілген мақалдың жалғасын жалғастыру.
Жүргізуші:
Ойнайық, ойнайық та ойлайық!
Қатардан артта қалып қоймайық,
Белсенді болайық ортада,
Уақытты тектен - тек жоймайық - деп ІІІ - кезеңіміз «Кім күшті» ойынын бастаймыз!.
Ойын шарты: Әр топтар жерде үріліп жатқан шарларды, үстеріне отырып жаруы тиіс. Қалдығын жинап өз шеңберлеріне салуы керек. Қай топ көп шар қалдығын жинаса сол топ жеңімпаз.
Жүргізуші: ІV - кезеңіміз «Кім жаңылыспайды» сайысын бастаймыз.
Мәреге дейін 2 қатысушы бір - бірлерінен аттап секіріп барып, сол жердегі қағазды алып, кері қол ұстасып жүгіріп қайтады. Қағазды жаңылтпашты жаңылыспай айту керек. Жаңылыспай айтқан топ жеңіске жетеді.
Жүргізуші:
Спорт - көркі өмірдің.
Спорт - досың, серігің.
Жаттықсаң шымыр боласың,
Шынығып, өсіп, толарсың - деп V - кезеңіміз «Кенгуру» сайысын бастаймыз!
Ойын шарты: Қатысушылар кенгуру добымен кеглилер арасымен секіріп өтуі тиіс.
Қай топ бірінші келсе, сол топ жеңіске жетеді.
Жүргізуші:
Денсаулық - басты байлық өмірдегі,
Нәр беретін асыл ғой көңілдегі.
Салауатты өмір салтын насихаттап,
Атанайық жақсы азамат өңірдегі - дей келе VI - кезеңіміз «Пингвин» жарысын бастаймыз.
Ойын шарты: Допты аяқ арасына қысып алып, жерге құлатпай пингвиндер жүрісімен жүріп, мәреге жетуі тиіс, қай топ бірінші келсе сол топ жеңімпаз.
Қорытынды бөлім
Жарыс заңы ежелден -
Жеңімпазды анықтау
Жеңімпаз болу шарты сол -
Еңбектену, жалықпау
Біреу озса сайыста,
Біреу артта қалады
Жеңілгендер ренжімей
Тараса бізге жарады
демекші сайысымыздың шарттары бойынша қорытынды шығарып жеңімпаздарды марапаттауға әділқазы алқасына сөз кезегін берейік.
Уа, халқым назар аудар денсаулыққа!
Өмірде бақыттысың денің сау да.
Денсаулық терең бақыт деген сөзді
Құр айтпаған ұлы Абай данамыз да демекші
Құрметті қонақтар! Келгендеріңізге көп - көп рахмет!
Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы,
Форт - Шевченко қаласы, Баутин ауылы
"Ақбота"балабақшасының дене шынықтыру
нұсқаушысы А. Ермекбаева