Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 39 минут бұрын)
Ақтауда көршілердің ескертуіне қарамастан екі жасар бала қайтыс болды

Ақтау қаласында екі жастағы сәбидің қайтыс болуына байланысты қайғылы жағдай тіркелді. Бұл туралы жергілікті блогер Азамат Сарсенбаев өзінің Instagram парақшасында мәлімдеді.

Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Көршілердің айтуынша, қайтыс болған баланың ата-анасы жиі жанжал шығарып, алкогольдік ішімдікке салынып жүрген. Тұрғындар бұл жайттарға қатысты бірнеше рет полицияға, прокуратураға және қорғаншылық органдарына шағымданған. Соңғы рет 2025 жылдың қараша айында олар тиісті органдарға хабарласқан екен. Алайда, бұл ескертулерге тиісті деңгейде назар аударылмағаны айтылуда.

Блогер Азамат Сарсенбаев бұл оқиғаға байланысты жауапты органдардың әрекетсіздігін сынға алып, мұндай жағдайлардың алдын алу үшін қандай шаралар қабылдануы керектігін алға тартты.

Жаңалықтар

Жарнама