Ақтөбе қаласы тұрғындарына жағымсыз әсер ететін жасанды физикалық факторлар
Тақырыбы: «Ақтөбе қаласы тұрғындарына жағымсыз әсер ететін жасанды физикалық факторлар»
Кіріспе
Қазіргі таңда қоғам мен табиғат арасындағы қарым - қатынас көптеген экологиялық қиындықтарды тудырып отыр. Мыңдаған жылдар бойына адам баласы табиғаттағы биологиялық тепе - теңдікті сақтау керектігіне мән бермей, өзінің техникалық мүмкіншіліктерін күшейтіп келеді.
Әсіресе қоршаған ортаға деген күш 20 ғасырдың екінші жартысында асып түсті. Халық санының күрт өсуінен, ірі өндіріс орындарының қарқынды дамуынан биосфераның табиғи айналымы бұзылды. Нәтижесінде, адам баласының денсаулығына қауіп төнді. Мұндай қауіп тек біздің елімізге ғана емес, барлық жер бетіне төніп тұр.
Қоршаған ортаның ластануының бірнеше түрлері белгіленген, соның ішінде физикалық ластану, яғни жылумен, шумен, электромагнитті, радиоактивті ластану қазіргі таңда кең өріс алған және ғаламдық сипатқа ие болған ластану болып табылады.
Халықтың денсаулығына әсер ететін басты техногендік факторлар табиғи ортаның (ауаның, топырақтың, судың, өсімдіктің) шығарындыларымен және өндірістік кәсіпорындардың, автокөліктердің пайдаланған қалдықтарымен ластануы болып табылса, соның ішінде қала халқының денсаулығына жағымсыз әсер ететін негізінен жасанды физикалық факторлар, яғни шуылдық жүктемелер, электромагниттік сәулелену, мекемелердегі радонның мөлшерінің және радиациялық деңгейдің жоғары болуын ерекше айта кетуге болады [1]. Сондықтан мен ғылыми жұмысымның тақырыбын «Ақтөбе қаласы тұрғындарына жағымсыз әсер ететін жасанды физикалық факторлар» деп алдым.
Ғылыми жұмыстың мақсаты:
Ақтөбе қаласы бойынша қоршаған ортаның физикалық ластану жағдайына сипаттама бере отырып, жасанды физикалық факторлардың тұрғындар денсаулығына әсерін бағалау.
Ғылыми жұмыстың міндеттері:
- Ақтөбе қаласының жалпы бейнесін көрсету;
- Физикалық ластану жағдайларына (түрлеріне) анықтама беру;
- Қала ортасына жағымсыз әсер етіп отырған негізгі физикалық факторларды анықтау және баға беру:
а) қала көшелерінің шумен ластану жағдайы;
б) электромагниттік сәулелену көздері;
в) радиациялық жағдайы;
- қала көшелеріндегі шу деңгейін анықтау.
Ғылыми жұмыстың өзектілігі: жасанды физикалық факторлар халық денсаулығына жағымсыз әсер ететін ең басты техногенді факторлардың бірі болғандықтан, оларды анықтап, баға беру басқа да техногендік факторларды анықтауға, оларды болдырмауға мүмкіндік береді.
І Тарау
Ақтөбе қаласының жалпы бейнесі және ада ағзасына зиянды физикалы факторлардың түрлері
1. 1 Ақтөбе қаласының жалпы бейнесі
Ақтөбе қаласы – облыс орталығы – республиканың ең ірі қалаларының бірі, оны Қазақстанның Батыс қақпасы деп атайды. Қала 1869 жылы Елек өзенінің жағалауында салынған және салыстырмалы түрде биік емес тау баурайларымен оқшауланған, көркем дала жазықтығында орналасқан.
Ақтөбе – жақын және алыс шетел нарықтарына дейін шыққан атақты экспортқа бағытталған ірі кәсіпорындары бар, өнеркәсібі дамыған және Өңірлік Университет пен Медициналық университеттен лицейлерге және арнайы мектептерге дейінгі оқу орындарының кең желісі бар қала.
Облыс халқы 721, 3 мың адамды құрайды (2010 жылдың 1 - мамыры).
Қала халқының саны – 393, 1 мың адамды (55, 5%), ал ауыл халқының саны – 328, 2 мың адамды (45, 5%) құрайды.
Қаладан оңтүстікке дейін 90 км қашықтықта Мәскеу - Ташкент және Орск - Атырау - Астрахань темір жолдар қиылысында Қандыағаш темір жол түйіні орналасқан.
Қала республикалық маңызы бар жеңілкөлік жолдарымен Орал, Орынбор, Орск, Қызылорда, Хромтау және Атырау арқылы байланысқан. Ақтөбе қаласындағы аэропорт апатты жағдайларда ауыр әуе ұшақтарын қабылдау үшін сақталым қоры болып табылады.
Өнеркәсіптік қала ядросы ең ірі екі кәсіпорын ферроқорытпа және хромды қосылыстар зауыттары болып табылады. Сонымен қатар машинажасау, тамақ өнеркәсібі және құрылыс өнеркәсібі дамыған. Бұл саладағы ең ірі кәсіпорындар «Актюбрентген», «Авиаремзавод №406 ГА», «Трансмарс» ЖШС, «Рамазан» ЖШС, «Өмірбек» ЖШС, «Стройдеталь» ЖШС, «Ақтөбе ЖЭО» ЖАҚ болып табылады.
Сонымен қатар Ақтөбе қаласы Батыс Қазақстанның ең ірі сауда орталығы болып табылады. Тек бөлшектік саудада 6 мың адам жұмыс істейді. Қалада бірнеше ірі базарлар мен супермаркеттер бар. Кіші бизнес саласындағы жұмысшылардың жалпы саны 38 мың адам болатын 14 мыңнан астам субъектілер тіркелген.
Мәдениет пен өнер драма, қуыршақ театрларымен, облыстық филармониямен, планетариямен, халық шығармашылығы үйімен, көркем залымен, екі мұражаймен, 11 кітапханамен, бес мәдениет үйлерімен танылады. Ірі спортттық ғимаратттардан – 100000 орынға арналған футбол алаңы, 2 жүзу алаңы, 1500 орынға арналған 2 стадион бар.
Қалада 10 қонақ үй жұмыс жасайды, олардың ішінде Альбион және Самал атты 2 ірі қонақ үй кешендері бар [4].
Қатарында «СНПС – Ақтөбемұнайгаз», «Ұлы дуал» АҚ, «Қазақстандық - Қытай бұрғы компаниясы» ЖШС ірі компаниялары кездесетін 78 біріккен және шетелдік компаниялар қала резиденттері болып табылады.
Қаладан алыс емес жерлерде Елек және Сазды өзендеріндегі су алқаптарындағы Жыланды - Тау тау баурай сілемі, Қарғалы өзен алқабы рекреациялық аймақтары қала халқының таңдамалы демалыс орындары болып табылады.
Ақтөбе қаласында өз шығарындылары және төгінділерімен қоршаған ортаға қолайсыз әсерін тигізетін бірқатар кәсіпорындар бар.
Ақтөбе қаласының өнеркәсіптік аймақ территориясындағы табиғи ортаны ластаудың негізгі көздері Ақтөбе хром қосылыстар зауыты (АХҚЗ АҚ), оның тоғандары және шлам жинағыштары, «Алматы Пауэр Консолидейтед» акционерлік қоғамының Ақтөбелік жылу орталығы (Ақтөбе ЖЭО) және оның су күйесін жою ыдысы, «Қазхром» трансұлттық компания» акционерлік қоғамының бөлімшесі Ақтөбе ферроқорытпа зауыты (АФЗ), оның қоқыс үйіндісі және сүзгіштің ескі өрістері болып табылады.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.