Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Ақтөбеде білім саласының бұрынғы шенеунігі мен әйелі сотталды

Ақтөбеде облыстық білім саласын бақылау департаментінің бұрынғы басшысы Әкімгерей Көшербаев пен оның әйелі Сағадат Сырбаеваның соты өтті, деп хабарлайды mgorod.kz.

Тергеу мәліметтері бойынша, Көшербаев облыс мектептерін аттестациядан өткізіп, оң бағалау үшін пара алған. Жоғары лауазымды шенеунік 2015-2016 жылдары өзгенің мүлкін жымқыру мақсатында Шалқар ауданындағы бастауыш сынып меңгерушісі мен Қос Істек орта мектебінің директорының орынбасары арқылы пара алып отырған. 

Тергеушілердің анықтауынша, қаражат мектептердің аттестациядан өту мәселесін шешу үшін берілген. Мемлекетке келтірілген шығын 600 000 теңгені құрады. Сотталушы тергеу басталған сәттен бері өз айыбын мойындаған емес.  Дегенмен, бұрынғы бақылаушы жалпы режим колониясына 3 жылға қамалды және мүлкі тәркіленіп, өмір бойы мемлекеттік органдар мен мекемелерде жұмыс істеуге тыйым салынды. Сотталушының әйелі де дәл осындай қылмыс бойынша айыпталуда. Сағадат Сырбаева Елек орта мектебінің директоры бола тұра, 50 000 теңге пара алған. Бұл ақшаны оған делдал Ақтөбе қ. №18 мектептің аттестациядан өткізу туралы күйеуіне өтініш жасау үшін берген. Сот үкімімен Көшербаевтың әйелі бір жылға бас бостандығынан айырылып, мүлкі тәркіленді және 60 сағат жергілікті басқару органдары белгілеген орынға мәжбүрлі еңбекке тартылу түріндегі жаза берілді. 


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама