Швейцариялық мектептердің 10 ерекшелігі
Швейцариялық мектептер білім сапасы бойынша финляндиялық мектептерден еш кем түспейді. Мұндағы білім беру жүйесі – өзіндік ерекшеліктерге толы. Балалардың білім алуына барлық жағдай жасайтын швейцариялық мектептерде қолданылатын ерекше әдістер кімді де болсын таң қалдырып, қызықтыратыны анық.
1. Сабақ бір жарым сағаттық блоктар бойынша өтеді. Олардың арасында 20 минутқа созылатын үзіліс бар. Бұл уақытта балалар міндетті түрде далаға шығып, асыр сала ойнайды. Швейцариялық мектептердегі әр сыныптың алдында өз террасасы бар. Балалар үзіліс уақытында терасаға шығады. Мейлі жаңбыр жаусын, мейлі күн салқындасын, міндетті түрде үзіліс уақытын сол жерде өткізеді. Ауа райы ашық күндері мұғалімдер мен оқушылар бірге футбол, баскетбол, пинг-понг ойнайды. Ал ойын ойнауға зауқы соқпаған балаларды дәрігер бақылауына алады.
2. Сағат 11:30-нан түскі 13:30-ға дейін түскі үзіліс. Бұл уақытта оқушының мектепте қалуына не үйге қайтуына болады. Сондықтан балалар мүлдем шаршамайды. Таңертең сабақ 8:15-те басталып, 16:00-ға дейін жалғасады. Ал сәрсенбі күні оқу уақыты қысқартылған. Яғни сабақ 11:30-ға дейін ғана жалғасады.
3. Балалар жазбаша түрде ойын білдіруден қорықпас үшін, мектепте «ұстаз – оқушы» аталатын пошта қарастырылған. Әр оқушының өз пошта жәшігі болады. Онда хатын қалдырған оқушыға мұғалім міндетті түрде жауап береді. Бұл әдіс өте сәтті ұйымдастырылған – таңертең барлық оқушы өз хатын алуға асығады.
4. Сөздік диктант сурет астына жазылады. Яғни оқушы қандай да бір сөзді білдіретін сурет астына сол сөзді дұрыс жазуы қажет. Осылайша бала сөздің дұрыс жазылуын суретпен байланыстыру арқылы есте сақтайды. Бұл әдістің тиімділігі – өте жоғары.
5. Оқушылар баяндама жасаған кезде баланың қалаған әуені қосылады. Баяндама жасайтын оқушыдан костюм және баяндамаға қажетті заттар, реквизиттер талап етіледі. Яғни бала баяндамасын қысқаша спектакль түрінде жеткізеді. Баяндама жасау үшін Power Point презентациясының қажеті жоқ. Швейцариялық мұғалімдердің пікірінше, бастауыш мектеп балалары өздігінен презентация жасай алмайды.
6. Математика сабағында мұғалім есептің шығарылу жолын түсіндірмейді. Бала жиған білімінің негізінде есепті қалай оңай шығаруға болатынын ойлап табуы тиіс. Мысалы, 48 бен 53-тің қосындысы неше болатынын тақта алдына шығып, түсіндіреді. Есепті шығарудың дұрыс әдісі жоқ. Әр оқушы есепті өзіне ыңғайлы әдіс бойынша шығарады. Яғни өз әдісімен.
7. Оқушылар заттардың барлығын қолмен ұстап көреді. Яғни қоршаған орта қолмен ұстап, байқап көруге арналған. Оқушылар сабақта бидай, қарабидай, сұлының дәмін татып көріп, артынан дәндерді үгу үшін диірменге жол тартты. Ондағы қызметкерлер балалр әкелген дәннен ұн жасап, таяу арада ол ұннан тоқаш пісіріп, мектепке әкеліп беруге уәде етті. Ал география қандай жергілікті аймақ сөз болса, мұғалім оқушыларды айтылған жерге алып барады. «Өз қолымызбен жасаймыз» сабағына бөлінген уақыт дене шынықтыру сабағымен бірдей. Мектеп бұл екі пән апта ішіндегі сағат саны бойынша көш бастап тұр.
8. Швейцариялық мұғалімдердің пікіріне сәйкес, қателік – жетістікке бастар жол. Мұндағы балаларға қателесудің дұрыс екендігін және ол үшін уайымдауға болмайтынын түсіндіреді. Себебі қателік жіберу арқылы креативті ойлауға үйреніп, байқап көруден қорықпайсың.
9. Егер оқушы 2 аптадан ұзақ уақыт сабақтан қалса ғана дәрігерден анықтама талап етіледі. Бірақ мұндай жағдайда бала берілген тапсырманың барлығын үйде жасауы тиіс.
10. Бастауыш мектеп – муниципалдық және мүлдем тегін. Оқу қарқыны баяу, алайда оқу бағдарламасының ресейлік бағдарламадан айтарлықтай айырмашылығы жоқ.