Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Ақтөбеде мектеп оқушысы туберкулезге шалдықты

Ақтөбеде 4 сынып оқушысынан құрт ауруы анықталды. Оқушылар түгел тексеруден өтіп жатыр.

«Орта мектеп оқушысынан құрт ауруы анықталуына байланысты манту сынамасы берілді. 2-11 сынып оқушылары рентгенге, флюорагрофияға түсіп жатыр. Бұл мектепте 1 мың бала оқиды десек, оның тең жартысы манту сынамасын алды. Сол жартысының 30 пайызында манту сынамасы істі. Ол оқушылар зертханалық тексеруден өтіп, фтизиатор дәрігерге қаралады», - деді № 4 Ақтөбе қалалық емханасының бөлім меңгерушісі Гүлбақыт Қоңырова.

Айта кетейік, мектеп мұғалімдері жаңа оқу жылына кіріспес бұрын медициналық тексеруден өткен. Ал мектепке санитарлық тазалық жұмысы жүргізілді.

ҚазАқпарат


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама