- 14 қар. 2021 00:00
- 209
Арақ әулеті Дукаң ертегісі
Дукаң — арақ жасайтын әулет. Ол бұрын қой бағумен өмір сүретін, ол күнде қойларды таудың жотасына айдап барып жаятын. Күнде түсте ол сулы сайда тамақ ішеді, кітап оқиды. Сулы сайдың іші толған тұт ағашы, табиғаты өте әдемі. Дукаң ылғи да қалған тамақтарды тұт ағашының түбіндегі шұңқырға тастай беретін. Барған сайын қалған тамақтар жиналып, екі метр болады.
Бір күні Дукаң байқаусызда қолындағы ашытқыны тамақ қалдығы тасталған шұңқырға түсіріп алады, күндердің өтуімен, ашытқы қалған тамақтармен араласып, араққа айналады. Дукаң мұқият тәжиірибе жасау арқылы дүниедегі ең жақсы арақты ашытады.
Лю Лиң — Жин дәуірінің атақты жазушысы. Ол шенділерге разы болмай, көбінесе; достарымен бірге жиналып, арақ ішетін. Ол мас болған соң бүкіл киімін шешіп тастап, төсекте жататын. Біреулер оны мазақтаса, ол: «Аспан мен жер — менің киімім, үйлер — менің көрпем, сен неге менің көрпемнің ішіне кірдің?» Ол көбінесе: «Мен көптеген арақтарды іштім, әлі жақсы арақты көрген жоқпын», — деп айтады.
Бір күні Лю Лиң Дукаңның сулы сайынан өтіп бара жатқанда: «Азулы жолбарыс бір стакан ішсе, тау үстінде мас болар, айдаһар екі стакан ішсе, су түбіне құлайды». Үстіндегі: «Егер бір ішіп, үш жыл мас болмасаң, сенен ақша алмаймын» деген жазуды көреді. Лю Лиң көріп ойлайды: «Мен дүниедегі ең жақсы арақты ішіп көрдім, сол кезде мас болған жоқпын, бұл қандай арақ екен?» — деп таңданады. «Мен осы арақты ішіп көрейін», — деп, ол келіп айтады: «Кәне, арақ алып кел!». Дукаң оған 3 стакан арақ алып келеді. Лю Лиң соны ішкенде 1-стаканнан соң ол таза су денеден өткендей тазаланады, 2-стакан бал сияқты дәмді болып, дене жұп-жұмсақ болады. 3-стаканнан кейін Лю Лиң басы айналып, ол әрең үйге жүріп қайтады, есіктен кіре, «жақсы арақ» деп, жерге құлайды.
3 жыл көзді ашып жұмғанша өтіп кетеді. Осы күні Дукаң Лю Лиңың үйіне келіп, есік қағады. Лю Лиңның әйелі «не жұмыс бар?» деп сұрайды. Дукаң айтады: «Лю Лиң 3 жыл бұрын менің арағымды ішкен, сол арақтың ақшасын әлі берген жоқ», — дейді. Лю Лиңның әйелі ести сала ренжіп: «3 жылдың алдында сенің арағыңды ішкен бе, ол қайтып келген соң өліп қалды. Сен менің күйеуімді өлтірдің», — деп Дукаңның өзіне жабыса кетеді.
Дукаң бұны естіген соң: «Ол өлген жоқ, ол мас болып қалды, сен тезірек мені оны көмген жерге апар», — дейді. Екеуі асығыс-үсігіс келіп, оның моласын қазып қараса, Лю Лиң табыттың ішінде екі беті қып-қызыл болып ұйықтап жатыр екен, Дукаң оның бетін шапалақтап оятады. «Лю Лиң 3 жыл мас болдың, енді оян», — дейді. Лю Лиң көзін аша сала. «Дукаң жақсы арақ! Дукаң жақсы арақ!»— деп айтады Осыдан кейін Дукаңның арағы 3 жыл мас қылдырады деген сөз жұрттың құлағына тарайды.