Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Чаң Эның айды қуалауы

Ху Ий Аспан сардарының тоғыз ұлын өлтіріп, бұқара халықтың мақтауы мен сүйіспеншілігіне ие болды. Аспан сардары ашуланып, Ху Ийді жерге қуды. Ол аспанда тұру мүмкіндігінен мәңгіге айырылды. Ол жерге түскеніне қатты-қатты қайғырады, әсіресе, оның әйелі ЧАҢ Э бұл шындықты қабылдай алмады. ЧАҢ Э — aспан періштесі. Ол аспанда еркін де жақсы өмір сүрген. Бірақ күйеуінің оны осындай қиындыққа ұшыратуы оны қалай риза етсін?

Ол күйеуін кінәлай бастады. Бұрынғы тату-тәтті ерлізайыпты махаббатына сызат түсті.

Олар жер бетінде тұрса, қарапайым адамдар сияқты туылу, қартаю, айырылысу, өлу сияқты өмір сынақтарынан өтетін болды. Өзінің барған сайын қартайғанын, жастық шағының қайта оралмайтынын, әсіресе, өлгеннен кейін арғы дүниеде жындармен бірге тұратындығын ойлаған ЧАҢ Эның мазасы кетті. Бірақ қайткенде де осыдан құтылудың амалы жоқ еді.

Халықтың айтуынша, Күнлүн тауының солтүстігінде есімі Ши Уаң Му деген әулие өмір сүретін. Сол әулиеде қартайтпайтындары бар болатын. ЧАҢ Э күйеуіне: «Сол дәріні барып алып кел», — деп қоймайтын. Күйеуі өзінің әйелінің алдында қарыздар екенін сезініп, амалсыздан бұл ұзақ та қауіпті сапарға шығуға бел байлайды.

Таудағы Ши Уаң Му әулие жыртқыш құбыжық екен. Ол жолбарыс тісті, қабылан құйрықты еді. Ол қуанғанда үңгірден шығып, биік тау шоқысының үстінде тұрып, айқайлайтын. Бұл дауыс ну орманды дүр сілкіндіретін. Тіпті, жыртқыш хайуанаттар да шошып кететін. Тауда үш жасыл құс бар екен. Олардың бастары қызыл, ал көздері қара еді. Олар Ши Уаң Муға арнайы азық іздейтін. Олар бір ұшқанда мың шақырымдай жер ұшып, өздерінің тегеурінді сирақтарымен құстар мен жанжануарларды ұстап алып, әулиеге әкеліп береді екен. Ши Уаң Мудың қолында тағы бір үш аяқты құс бар еді. Ол әр күні иесіне көмектесіп, әулиесінен қалған тамақ қалдықтарын тазалайтын. Дәл осы жерде бір түп өлмейтін ағаш өсіпті, ол мыңдаған жылда бір-ақ рет қана гүл ашып, жеміс беретін. Осы жемісті жесең, өмір бойы қартаймайды екенсің. Күнлүн тауына барар жол өте қиын, тау етегінде түпсіз терең теңіз бар еді. Тіпті ол жерде үлкен жанартау күні-түні бұрқылдап қайнап жататын. Алайда Ху Ий өзінің қасиеті мен қайсарлығы арқыры көптеген қиындықтарды жеңіп, биіктігі 11114, 26 қадам Куньлунь тауының басына шығады. Ху Ийдің бұл ерлігін естіген жұрт оның тілеуін тілейді, бірақ батырдың әрі қарай жолы болмай жапа шегеді. Сонымен, ол үшаяқты құсқа:

— Өлмес дәріні әкеп берші, — деп жалынады. Үшаяқты құс бір ыдысты алып шығып, былай деп ескертеді:

— Бұл өлмес дәрі екі адамға жетеді, бұны ішкеннен кейін өмір бойы қартаймауға болады. Ал бір-ақ адам ішсе, ол аспан періштесіне айналады. Есіңде болсын: оны ай толған күннің түнінде ғана ішу керек! — дейді.

Хоу Ий дәріні алып, үйіне қуанып қайтады. Дәріні алған кездегі ескертпені әйеліне айтып береді. Сөйтіп, он бесінші тамызда дәріні екеуі бірге ішуге келіседі. Бірақ ЧАҢ Эның басқа жоспары болады. Өзі аспан періштесі еді, күйеуінің кесірінен қарапайым адамға айналды. Егер осы дәріні бір өзі ішсе, қайтадан бұрынғы қалпына келеді. Онда қандай жақсы болар еді. Ол бұл жоспарының дұрыс-бұрыстығын білу үшін көрікпелге баруды жөн көрді.

Жақын жерде бір таудың үңгірінде бір көрікпел тұрады екен. Бақсының мың жасқа келген тасбақасы мен тасбақаның сауыты бар екен. Бақсы осы екі заттың арқасында көп нәрсені болжайды екен. ЧАҢ Эның көзінше бақсы бірнеше тал шөпті тасбақа сауытының үстіне қойып жатып, өзінің бақсылық дұғаларын жасай бастады. ЧАҢ Эға бақсы:

— Батысқа қарай жүре бер. Алаңдайтын ештеңе де жоқ. Жолың ашық, — деді.

Аспан періштесі болуды армандаған ЧАҢ Э күйеуінің өзіне деген терең сүйіспеншілігі мен махаббатын, тіпті күйеуінің дәрі әкелу барысындағы қиыншылықтары мен қауіпқатерлерін ұмытып, он бесінші тамыз күні ол күйеуі келмей жатып, дәрыні өзі ішіп алады.

Сол мезетте ғажайып бір құбылыс пайда болады. ЧАҢ Э өзінің денесін жеңіл сезініп, бүкілдей салмағын жоғалтады. Ақырын жерден биікке көтеріле бастайды. Жердегі атыздар мен үйлер бұлдырап алыста қалды, көзді ашыпжұмғанша ол бұлт қабаттарының арасында болады. Сөйтіп, аспан ордасына жақындайды. Дәл осы кезде ЧАҢ Эда бір қорқыныш пайда болды, ол ордадағылар оны өзімшіл әйел екен деп жазғыруынан қорықты да, сонысымен айға қарай ұшты. Бірақ айға жетісімен, дереу өкініп қалды. Себебі, бұл ара өте сүреңсіз, онда бір ғана ағаш пен ақ қояннан басқа ештеңе жоқ. Алайда, қателік адамдар арасында әрқашан да болып тұрады ғой, кері қайтар жол жоқ. Ол осы кезде күйеуінің өзіне деген сүйіспеншілігін ойлап, өзімшілдікпен жасаған қателігін түсінеді. Сөйтіп, ЧАҢ Э сүреңсіз ай ордасында мәңгілік жабырқау күйінде тыныштықта құлазып жалғыз қалды.


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама