Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 11 сағат бұрын)
Арыстан мен кісі

Бір адам жасынан аң аулап күн көреді екен. Бір кезде ауын бір ағаштың түбіне құрып қойып жүрсе, қапыда арыстанға кездеседі.

Арыстан:

— Ей, адам! Кездеспей  жүр  едің,  бері  кел,  құлақ  сал  сөзіме, сенің істегеніңнің бәрі қиянат көрінеді, маған сырттан қайрат ететін көрінесің, күшің артық болса құтыл менен, аузыма бір-ақ салайын ба?

Адам айтады:

— Сенен күшім артық болмаса да сенімен айтысамын, егер күшті болсаң анау жерде менің құрып қойған бір нәрсем бар, содан өт, егер де өтіп кетсең мені жеп-ақ қой, арыстаным, — дейді.

Арыстан:

— Айлаңды көріп тұрмын, әуелі өзің өтші, — дейді.

Адам аудың астынан өте шығады. Арыстан өтемін деп бар пәрменімен секіргенде торға барып оралады. Сөйтіп, адам айласымен арыстанды торға түсіреді.


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама