- 22 нау. 2020 00:00
- 271
Қарға мен баласы
Қарға баласына: «Адам баласы біздің дұшпанымыз, сақ болыңдар, екі шоқып бір қараңдар», — деген. Сонда баласы: «Екі шоқып бір қарамай, бір шоқып екі қарағанда аштан өлеміз бе», — деген.
Қарға: «Адам баласы ұратын тасын қойнына тығып жүреді» — деген, сонда баласы айтқан:
— «Тасты қойны мен қонышына салғанша, қолына ұстап жүрсе болмай ма?» — деген.