Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 4 күн бұрын)
Арыстан мен түлкі
Арыстан мен түлкі
Арыстан қартайды. Аңдарды бұрынғысындай аулай алмайтын болды. Енді аңдарды айламен аулағысы келді. Өзі үңгірде жатты да:
- Аурумын, жүруге әлім жоқ, - деп барлық аңдарға хабар таратты.
Аңдар бір - бірлеп арыстанның халін білуге келеді. Арыстан аңдардың біреуін де қайтармайды. Бәрі де арыстанға жем болды. Бір күні түлкі келді. Ол үңгірден алысырақ тұрды да:
- Халіңіз қалай, тақсыр?- деп көңілін сұрады.
- Халім нашар. Неге жақынырақ келмейсің? Берірек кел, түлкіжан, бір азырақ сөйлесейік, - деді арыстан.
Түлкі:
- Мен саған жақын барар едім - ау, бірақ саған кірген із бар да, шыққан із жоқ! - деп жүріп кетіпті.
Ертегілер еліне саяхат, ертегілер жинағы

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама