Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Арнау күйімен жұмыс
Сабақтың тақырыбы: «Арнау күйімен жұмыс»
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Арнау күйлерді шығу тарихымен оқушының білімін кеңейту. Тірек - сызба арқылы, күй туралы теориялық білім беру.
Дамытушылық: арнау күйлерін тыңдата отырып, есту қабілеті арқылы күйге деген қызығушылығын, құштарлығын дамыту.
Тәрбиелік: күйдің шығу тарихын түсіндіре отырып, өнерді құрметтеуге, бабалар мұрасын қастерлеуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: домбыра, плакат, буклет.

Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушының сабаққа әзірлігін тексеру, назарын сабаққа аудару.
II. Үй тапсырмасын тексеру: А. Даргамыжский «Казачок».
Халық күйі «Тепең көк».

III. Актуалдау: Күй - қазақтың ертеден келе жатқан аспаптық музыкалық жанры. Қазақ халқы өзінің көңіл - күйі мен арманын, қоғамға деген көзқарасын домбыраның қос ішегінен шыққан "сиқырлы" үндер арқылы білдіріп отырған. Күй XIV ғасырда жанр болып қалыптасып, ұлттық күй, аңыз ертегі, нақтылы тарихи оқиғалар негізінен құрылып, ілгері дамыды. Күй орындау түріне қарай екіге (шертпе, төкпе) және тақырыбы мен мазмұныны қарай әртүрлі жанрларға (халық, тарахи, аңыз, жыр, лирикалық, арнау) бөлінеді. Жаңа біз орындап кеткен «Тепең көк» күйі осы күй жанрларының ішіндегі халық күйіне жатады.
Халық күйлері - халықтың тұрмыс - салт көріністерін, адамның тағдырын, жалпы өмірдегі болмысын суреттеп, баяндайтын күй. Халық күйлері ұрпақтан - ұрпаққа жеткенімен, шығарған кісілердің аты - жөні ұмыт болуынан халықтың күйі деп аталған.

Күй – тарихи, тартыс, айтыс, халық, аңыз, жыр лирика

IV. Жаңа сабақ: Арнау күйімен жұмыс. Халық күйшілері өздерін қоршаған ортаның үнін, табиғатты, жан - жануарлар дүниесін есіте білген. Өз дәуірлерінің ойлы - қилы кезеңдерін, қоғамдық қайшылыққа толы өмірді көріп, соларды шынайы суреттей білген. Соның бірі - Дәулеткерейдің күйі «Қосалқа». Бүгін біз Дәулеткерейдің «Қосалқа» күйін үйренеміз.

Дәулеткерей Шығайұлы 1820 жылы бұрынғы Бөкей ордасының Қарамола деген жерінде дүниеге келді. Домбырашылық өнердің қалыптасуына атақты Мүсірәлі ықпал жасайды. Ол Соқыр Есжан, Байжұма, Мүсірәлі сияқты күйші - домбырашылардың күйлерін жастайынан жаттап өсті. Дәулеткерейдің алғашқы шығарған күйлері "Қыз Ақжелең" мен "Қосалқа". Оның күйлері адам баласын үлкен талғам мен сұлулыққа табиғаттың сыршыл сезімі мен әсем сазын ұғынуға тәрбиелейді.

''Қосалқа'' күйінің шығу тарихы.
Бір күні Дәулеткерей атамызға Құрманғазы атамыз қонаққа келеді. Сыртқа демалуға шыққан кезде, құдық басынан су алып келе жатқан Саржан келіні көрінеді. Сонда Құрманғазы: ''Сіздің сыршыл да сезімтал күйлеріңізді естіп жүрміз. Саржан келініңіздің де жүрісіне, сылдыр қаққан сырғасы мен алқасына арнап бір күй шығарыңызшы '' - дейді. Сол бойда Дәулеткерей отыра қалып бір күй тартады. Бұл күй ел арасында "Қосалқа" атанып кетеді.

Күйді орындап көрсету.
"Қосалқа" күйін талдау.
- Авторы: Дәулеткерей Шығайұлы.
- Тональділігі: C - dur
- Екпіні: орташа
- Орындалу түрі: төкпе
- Жанры: арнау күй
- Музыкалық сипаты: көңілді
- Қағысы: П V П V; П V П; VV.
- Дыбыс күші: p; pp; f; ff; mf; ;
- Қосымша белгі: лига
- Нұсқа (II - түрі)
V. Дамыту. "Қосалқа'' күйін нота бойынша талдау. Тактімен жұмыс жасау.

VI. Сергіту сәті. "Ойлан тап!" ойыны.
Музыкалық сауатын шыңдау. Дыбыс ұзақтығымен динамикалық белгілерді карточкалар арқылы көрсету.

VII. Бекіту.
- Арнау күйі дегеніміз не?
- Дәулеткерей қай жылы, қай жерде дүниеге келген?
- Дәулеткерейдің алғаш шығарған күйлерін ата?
- Күй орындалу түріне қарай нешеге бөлінеді?
-"Қосалқа" күйі қай күй жанрына жатады?

VIII. Қорытындылау.
Қазақ халқының біздің дәуірімізге дейін сақталып келген асыл мұраларының бірі - күй өнері. Бармағынан бал тамған күйшілер арқылы бізге жеткен ғажайып күйлер халқымыздың музыка мұрасы ғана емес, мәдени байлығы, рухани азығы болып отыр. Сондықтан бабалардан қалған күй өнерін ары қарай жалғастыру біздің міндетіміз.

IX. Үйге тапсырма:"Қосалқа" күйін сағаға дейін нота бойынша ойнау.
X. Бағалау. Жақсы. Өте жақсы.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама